Қазақстанда пәтер сатып алу қадамдары
2023 ж. 19 сәуір
1646
0
Сіз ақыры өз талаптарыңызға сай келетін баспана тауып, сатып алу-сату шартына қол қою кезеңіне өтуге дайынсыз ба? Керемет! Бірақ бұл жерде асықпағаныңыз жөн. Ең алдымен, мәміленің қауіпсіз екеніне көз жеткізу қажет. Пәтер сатып алу кезінде неге назар аудару қажет және қандай әрекеттер тізбегі бар? Қазақстанда пәтер сатып алу бойынша қадамдарды korter.kz жылжымайтын мүлік сайтымен бірге қарастырайық. Сайттағы “Ипотека” бөлімінің көмегімен қай банктің ең тиімді шарттарды ұсынатынын және қандай пәтерлерді сатып алуға болатындығын көруге болады.
№1 қадам. Құжаттарды тексеріңіз
Мәмілені жасаудан бұрын, келесі құжаттарды мұқият тексеру қажет:
— Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар: сатып алу-сату шарты, сыйға тарту, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.б. Мұндай құжаттардың саны шамамен 20 түрге жетуі мүмкін.
— Төлқұжат.
— Мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама.
— Техникалық паспорт.
— Ауыртпалықтар туралы анықтама. Сатушы оны eGov сайтынан 20 минут ішінде ала алады. Анықтамада меншік иелерінің саны, пәтерге тыйым салу (арест) немесе пәтерді кепілге қою туралы ақпарат қамтылған.
Жылжымайтын мүлік құжаттарындағы ақпаратты меншік иесінің жеке куәлігімен салыстырыңыз. Барлық дерек пен сандар сәйкес келуі тиіс. 2013 жылдан бастап барлық мәміле тіркеліп, қолданыстағы тіркеу туралы куәліктері болуы тиіс.
Егер сіз жылжымайтын мүлікті сенім білдірілген тұлғадан сатып алып жатсаңыз, онда жылжымайтын мүлікке сенімхаттың заңдылығын және меншік иесі өкілінің өкілеттіктерін тексеру қажет.
Жылжымайтын мүлік сатушысын онлайн режимінде де тексеруге болады, атап айтқанда:
— оның заңды меншік иесі екеніне көз жеткізіңіз;
— жылжымайтын мүлік объектісі сот ісін жүргізудің пәні болғанын анықтаңыз;
— коммуналдық қызметтер үшін қарыздың болуы;
— жер кадастрын тексеріңіз (учаскелерді сатып алу кезінде).
№2 қадам. Пәтерді тексеріңіз
Пәтерді қарау кезінде оның орналасуын техникалық паспортта көрсетілген жоспарға сай орналастырылғанын салыстырыңыз. Заңсыз қайта құрылған тұрғын үйді сатып алудан аулақ болу қажет, өйткені оны заңдастыру жауапкершілігі сатып алушыға жүктеледі.
Егер қайта құру заңдастырылған болса, онда иесі мына құжаттармен қамтамасыз етуі тиіс:
• бекітілген жоба;
• пайдалануға беру актісі;
• жаңартылған техникалық паспорт.
№3 қадам. Кепілақы туралы келісім жасаңыз
Кепілақы туралы келісімді жазбаша түрде рәсімдеу маңызды. Әр тараптың қолында мәміленің бір данасы болуы тиіс.
Келісімде нені көрсету қажет?
— кепілақы сомасы (әдетте бағаның 10% шамасынан аспайды);
— объектінің толық құны;
— есептеудің нақты күні.
ҚР-да барлық сома ұлттық валюта — теңгемен көрсетіледі, әйтпесе мәміле жарамсыз болып саналады. Келісім нотариалды түрде куәландырылуы тиіс.
Егер сатып алушы кепілақы бергеннен кейін мәміледен бас тартса, кепілақы қайтарылмайды. Егер сатушы мәміледен бас тартса, онда ол сатып алушыға кепілақыны екі есе мөлшерде қайтаруға міндетті болып табылады.
Сақ болыңыз және кепілақыны жазбаша келісімсіз аудармаңыз.
№4 қадам. Мәмілені нотариуспен рәсімдеңіз
Қалған сома келісімшарт рәсімделгеннен кейін, нотариустың қатысуымен беріледі. Тараптар мен олардың жұбайларының жеке қатысуы міндетті болып табылады.
Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:
— Тараптардың жеке куәліктері;
— сатушының жұбайының сатуға жазбаша түрде нотариалды рәсімделген келісімі;
— егер сатушы бала болса, қамқоршы органдардың рұқсаты.
Келісімшартта мынаны тексеру қажет:
— шарттың пәні;
— объектінің мекенжайы және кадастрлық нөмірі;
— қабат, жалпы және тұрғын алаңы;
— төлемдердің бағасы, тәртібі, мерзімі және мөлшері (егер тұрғын үй бөліп төлеу бойынша сатып алынып жатса);
— мәміленің барлық тарапының толық аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі.
№5 қадам. Тұрғын үйге меншік құқығын тіркеңіз
Сіз мемлекеттік кадастрда келісімшартты тіркеген кезде ғана, жылжымайтын мүліктің толық құқықты иесі боласыз.
qazaquni.kz