ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады
2021 ж. 11 қаңтар
1330
0
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29, «Nur Otan» партиясы 71,09%, «ADAL» саяси партиясы 3,57, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 және «Қазақстанның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинады.
Естеріңізге сала кетсек, кеше түнде Қоғамдық пікір институты Еxit poll нәтижесін жария еткен болатын. Оған сәйкес, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,07 пайызы «ADAL» саяси партиясына, 10,18 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген.
Айта кетерлігі, аталған институт директоры Айнұр Мәжитова сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында болатындығын ескерткен-ді.