Парламентте халқымыздың тағдыры туралы кең ауқымды пікірталас болуы керек – Президент
2021 ж. 10 қаңтар
1253
0
Парламентте еліміздің болашағы туралы, еліміздің, халқымыздың тағдыры туралы кең ауқымды пікірталас болуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көңіл-күйім көтеріңкі. Қарасам, халқымыз белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Жалпы белсенділік өте жоғары. Сондықтан сайлау әділ және жақсы өтеді деп ойлаймын. Біз Қазақстанымыздың болашағы үшін, еліміздің болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз. Сол себепті Парламентте еліміздің болашағы туралы, еліміздің, халқымыздың тағдыры туралы кең ауқымды пікірталас болуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.