ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

Ұлттық мүдде күрескері, ақын Қазыбек Исаға

Көңілді тұрған кезде жиектеп жыр, Болды ма дала лебін сый етпек бір? Өбектей түсе келіп, өзімсіне Бір торғай Қаз-ағаны сүйеп кеп жүр. Ұлтыма болды ұлттық тілім қайғы, Жұрт неге шабан тартып, шыбындайды...                                                          Даланың дауысын алып келгендей ме, Бір торғай Қаз-ағама шырылдайды. Тұғырға елдің тілі қонды ма деп, Ардың сөзін айтпақ па арлыға кеп. Дала тектес қанатын жая қонды, Сол торғай Қаз-ағаның алдына кеп. ...Даңғыл көп тамыры зор, тынысы кең, Ұласып кеткен үні ұлысымен. Осы кез дала жайлы кітап сыйлап, Шыққан-ды Ерлан Қарин інісінен. Ақылы, айтатұғын нақылы көп, Халықтың болды өзі жақыны деп. Даладан келген ұшып мынау торғай, Келді ме мұны дала ақыны деп?.. "Жаныма келсең келіп қоншы,торғай, Ақынның ақкөңілін олқысынбай" ... Қаз-ағаға сол торғай көрінеді: Алдағы жақсылықтың жаршысындай. Тұғырын тайдырмайды текті халық, Ұғымын жойдырмайды отты қарып... ... Не болса да сол торғай Қаз-ағаны Даланың тынысына кетті малып. Наурызбай ЖАРБОСЫНҰЛЫ, ақын, Сұлтанбек Қожанұлы атындағы жүлде иегері. Өзбекстан Республикасы