Қазыбек Иса. Халықты керек етпесе, Божконың да Халыққа керегі жоқ!
2020 ж. 02 тамыз
2055
0
Adyrna.kz сайтының хабарлауынша,
Мәжіліс депутаты Владимир Божко
қоғам белсендісі Бақытжан Төреғожинаның фейсбук арқылы: «демалыс кезінде немен айналысып жатырсыз?» - деген сұрағына
"Сендерге есеп беруге міндетті емеспін! Мені сайлаған сендер емес!»-деп қайтарып тастаған. Ол бұнымен тоқтамай «Сіз құрметтім, бір нәрсені шатастырып отырған сияқтысыз. Маған дауыс берген жоқсыз, сәйкесінше сайлаушым емессіз. Жұмыс берушім де сіз емес»-деп жауап берген.
Егер Божко "мені сендер сайлаған жоқсыңдар" деп, ХАЛЫҚТЫ керек етпесе - ХАЛЫҚҚА да БОЖКОНЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!
Божконы сайлаған Ассамблея болғанымен, өзі депутат болып отырған ПАРЛАМЕНТ ХАЛЫҚТІКІ екенін ұғу үшін қаншалықты ми керек вице-спикерге?!.
Егер Тәуелсіз Қазақстан билігі Ресейдің алдында вице-спикер міндетті түрде өзге ұлт өкілі болуы керек деп, шарт қабылдап, ант қабылдаса, онда мемлекеттік тілді менсінбейтін, халықты керек етпейтін, солтүстікке бүйрегі бұрмаса ас батпайтын Божконы емес, Мемлекеттік тілді құрметтейтін, мемлекетшіл Максим Рожинді сайлау керек! Ол да Ассамблея мүшесі. Қазақстан Халық Ассамблеясы өздері сайлаған депутаттың бұл сөзіне бір жауабын берер деп үміттенеміз. Қазыбек ИСА, "Қазақ үні"