Анель Пимичева: Түріміз басқа болғанмен, тіліміз басқа болмауы керек
2024 ж. 18 ақпан
1869
0
Түріміз басқа болғанмен, тіліміз басқа болмауы керек. Бұл туралы украин этносының өкілі Анель ПИМИЧЕВА «Қазақ үні» ақпарат агенттігі тілшісіне айтты.
- 1 жыл бұрын Қызылорда қаласында өткен экологиялық форум қатысқан едім. «Жиналғандар өздерін қазақ тілінде ианстыруы керек» деген талап болды. Сол уақытта ту сыртымнан «Біздің арамызда бір кісіге қиын болатын болды» деген мысқылды дауыс шықты. Әрине, сол топтың ішіндегі жалғыз өзге ұлт өкілі мен едім, оның үстіне оңтүстікке солтүстік аймақтан делегат ретінде барып отырмын.
Әлгі сөзге намыстанғаным соншалық, жалт бұрылып «өтініш, адамды сырт-келбетіне қарап бағаламаңызшы» деп сөз бастадым. Яғни, қазіргі қоғам түрі басқаның тілі басқа емес екенін түсінуі керек.
Бұнымен не айтқым келеді?
Құдайға шүкір, елімізде үш тіл қоса дамып келе жатыр, дегенмен мемлекеттік тіліміздің кейбір азаматтардың жүрегіндегі соңғы орынға ие болып келе жатқаны алаңдатады. Неге біздің мемлекеттімізде ағылшын, қытай тілін білетіндерге таңғалмайды, ал осы мемлекетте туған өзге ұлт өкілдері қазақша сөйлегенге соншалықты таңғалады?
Біз осы әдеттен арылып, бір үйдің бір тілді, бір мақсатқа жұмылған тату баласына айналуымыз қажет, - деді ол.
qazaquni.kz