Парламент депутаты Берік Дүйсембинов МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!
2020 ж. 04 маусым
1574
0
Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заңды талап етіп, 120 мыңнан астам қол қойылған "Қазақ үні" сайтындағы Ашық хатқа Парламент депутаттары да қол қоя бастады. Кеше ғана Қазақ Парламентінде тұңғыш рет қолдан жасалған Ашаршылықта қырылған 4 миллионнан аса қазақты жоқтап, Геноцид етіп жариялауды талап еткен депутаттық сауал жасаған "Ақ жол" партиясының депутаты Берік Дүйсембинов бүгін Ашық хатқа 120 787-інші болып болып қол қойды!
Қазақ Елі қалаулысы ретінде Ұлттық мүддемізді қорғауда Азаматтықтың үлгісін көрсеткен Берік Сәлімжанұлына Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін!..
ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ!
Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!.
ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ:
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН "Қазақ үні" сайтының сілтемесіне өтесіздер:
https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html