Сізге 42 500 теңге тағайындалды ма, жоқ па? Өзіңіз тексере аласыз
2020 ж. 13 сәуір
17198
0
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге жәрдемақы алуға берген өтініштің статусын тексеруге мүмкіндік беретін сервисті іске қосты. Бұл туралы вице-министр Нариман Мұқышев хабарлады.
"Біз үнемі әлеуметтік желілерді қарап отырамыз. Қазіргі уақытта адамдардың ең көп сұрайтыны – "Мен бірнеше күн бұрын өтініш бердім, бәріқ әлі күнге дейін жауап жоқ". Сондықтан Біржан Нұрымбетовтің (Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрі – Sputnik) тапсырмасы бойынша 42 500 теңге төлем бойынша статусты тексеретін сервис іске қосылды", - деп жазды вице-министр Instagram-парақшасында.
Сонымен, өз статусыңызды тексеру үшін:
- 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз
- "Өтінім статусын тексеру" деген жерді басыңыз
- ЖСН мен жеке куәлік нөмірін енгізіңіз
- “Мен робот емеспін” деген жерге ✔ белгісін қойып, "тексеру" батырмасын басыңыз.
Бірден өтінішіңіздің статусы шыға келеді.
Айта кеткен жөн, бір құрылғыдан бір сағаттың ішінде 3 сұранысқа дейін жібере аласыз.
Дереккөз: sputniknews.kz