Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді
2020 ж. 18 наурыз
1619
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вирустың таралмауына аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Бұған дейін Қ.Тоқаев төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшуді тапсырған болатын.
«ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады», - деді Президент.