Президент коронавирусқа қарсы жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырды
2020 ж. 28 ақпан
1212
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды "Қазақ үні".
«Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.