ИСЛАМ ӘБІШЕВ СОТЫНА КЕЛГЕН АДАМДАР ЗАЛҒА СЫЙМАЙ ҚАЛДЫ
2020 ж. 21 қаңтар
6252
0
СОТ ТҮСТЕН КЕЙІНГЕ АУЫСТЫ
Триллион үнемдеймін деп түрмеге түскен Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің атышулы сотында өткен аптаның бейсенбісінде, 16 қаңтарда прокурор Саламат Сүлейменов өз айыптауын оқыды. Адвокаттардың тергеу ісінің заңсыздығын, жалған да, жасанды дәлелдердің бәрінің күлін көкке ұшырған қарсы дәлелдерінің біріне де қарсы жауап бере алмай, тек жазып келгенін (жазып бергенін бәлкім) бас көтермей сыдыртып оқып шыққанын жазған едік өткенде. Прокурор Ислам Әбішевті 11 жыл, Серік Түкеевті 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын...
Бүгін адвокаттар жарыссөзге шығады. Залға адам сыймай қалды. Басқа кең залға ауыстырмақшы болды. Соттың кеңесу бөлмесінде болуына байланысты сот түстен кейінге сағат 16-00-ге ауыстырылды. Ойлары: түстен кейін адам азаятын шығар деген сасық қулық шығар...
Түстен кейін сағат 16-00-де бұдан да қарамызды көбейтіп, сот залынан табылайық халайық!