Аймағамбетов: “Балабақшадан ағылшын тілін алып тастаймыз”
2020 ж. 03 қаңтар
5051
0
Балабақшада ағылшын тілі енді оқытылмайды. Ал тәрбиешілерінің жалақысы көбейеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар-24.
“Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін үйрету сабақтарын алып тастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ тәрбиешілердің жалақысын көбейту жоспарлануда”, – деді министр.
Сонымен қатар министр мектепке дейінгі білім бері ұйымдарындағы мұғалімдер мен әдіскерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында категориялар беріліп, жалақылары соған сай есептелетінін айтты.