Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
2019 ж. 27 желтоқсан
3359
1
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы Жарлық шықты.
Осыған байланысты "Қазақ үні" ақпарат агенттігі уақытша сайттың түсін сұр түске өзгертіп, апаттан қаза болғандардың туыстарына қайғырып көңіл білдіреді.