Тасмағамбетов өз еркімен қызметінен кетті - СІМ басшысы
2019 ж. 19 желтоқсан
1841
0
Иманғали Тасмағамбетов өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысынан кейін журналистер СІМ басшысынан Иманғали Тасмағамбетовтың министрлік жүйесінде қала ма деп сұрады.
"Ол өз еркімен және зейнет жасына толуына байланысты қызметінен кетті. Менің түсінуімше, ол СІМ жүйесінде қалмайды", - деді Мұхтар Тілеуберді.
Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 18 желтоқсанда Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылды.