Тоқаев судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуды тапсырды
2019 ж. 22 қазан
2245
0
Қазақстан Президентіне биылғы 9 ай ішіндегі Жоғарғы Сот қызметінің қорытындылары мен сот жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімет берілді, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа судьяларды іріктеу жүйесін жақсарту, біріңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, сот төрелігін жаңғырту, соның ішінде соттан тыс татуласу орталықтарын құру, отбасы соттары мен фронт-офистер жайында атқарылған шаралар туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы халықтың сот жұмысына деген сенімін арттыру, азаматтардың өтініш-шағымдарын әділ қарау, шығарылатын сот шешімдерінің сапасын жақсарту қажеттігін айтты.
Президент судьялардың жүктемесін азайту және сот шешімдерінің сапасына кері әсер ететін оларға қатысы жоқ істерден босату жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, судьялар корпусының құзыреттілігін арттыру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығына назар аударды.