«Ерді кебенек ішінде таны!»: Депутаттар әділдік сұрап Президентке хат жазды
2019 ж. 09 қазан
5100
13
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевқа
Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Біздің бүгінгі Сізге хабардар етіп отырған азамат Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстар комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішев.
Су ресурстар комитеті лауазымда қызмет етіп тұрған кезде Қызылорда облысының су шаруашылығының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқандығы. Өзіңізге белгілі Сыр өңірінің егістік жерлерінің 98 пайызы суармалы, сондықтан Сырдария өзенінің суына тікелей тәуелдіміз. Бұл мәселені Ислам Әлмаханұлы көрші елдермен арадағы ағын су мәселесін уақтылы шешілуін қамтамасыз етіп отырды. Сыр елінің егіншілерінің егістектерін жаз айларында судан қалдырмау және қыс айларында Сырдария өзеніне түсетін мол судан төтенше жағдайды болдырмау мақсатында «Көксарай» су реттегішінің салынуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, жаз айларында өзеендегі су деңгейінің аз болуына байланысты Жаңақорған және Шиелі аудандарының тұсынан Сырдария өзенінің бойына су тіреуіш плотиналарының салынуын қамтамасыз етті.
Облыстағы көлдер жүйесіне баратын су жолдарының тазалануына, экологиялық жағдайдың жақсаруына, көлдер жүйесінде балық шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты.
Елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше түтікті құдықтар қазылып, елдің алғысына бөлене білді. Арал, Қазалы аудандарында «Сарыбұлақ» жерасты, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Жиделісай» жерасты таза ауыз суымен қамтамасыз етуде қажырлы еңбек етті.
Бүгінгі таңда Қызылорда Қазақстандағы халқының 85-90 пайызы таза ауыз сумен қамтылған бірден бір облыс. Сондықтан Сыр елі халқының өкілдерінің атынан Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің жасаған нәтижелі еңбегн бағалай отырып, бүгінгі И.Ә.Әбішевтің басына түсіп жатқан қолайсыз жағдайдың әділ шешім қабылдануын назарыңызға алуыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары:
Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы,
ҚР Парламенті Сенатының
екі шақырылымдағы депутаты,
«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері,
қоғам қайраткері
Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты,
«Құрмет» орденінің иегері
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,
ҚР Парламенті Мәжілісінің
4-шақырылымының депутаты.
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары:
Әбдікәрімов Шәкизада Өтетілеуұлы,
Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы,
Әмитов Нұриддин Егембердіұлы,
Жансақалов Әбдімәжит Әлмағанбетұлы,
Кенжебаев Темірхан Бердәліұлы,
Құттықожаев Ибайдулла Дүйсенбайұлы,
Махамбетов Асқар Аралбайұлы,
Махашов Бақдәулет Еркінбекұлы,
Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы,
Оңғарбаев Имамадин,
Шағыртаев Имамзада Қуанышбайлы,
Шаутай Тілеуберген Құдайбергенұлы,
Ысқақова Райхан Құсайынқызы,
Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы.