Тоқаев: Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады
2019 ж. 19 қыркүйек
3840
1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оралман сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», - деп жазады Президент twitter парақшасында.