Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин болып өзгерді
2019 ж. 26 маусым
4497
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді, деп хабарлайды Ақорда.
***
Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым
№ 29