Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды
2019 ж. 14 маусым
2312
0
Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындау жөніндегі Жарлығын жария етті.
А.Ж. Шпекбаевты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметіне тағайындау туралы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 14 маусым
№ 15