Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті
2019 ж. 29 мамыр
3411
0
Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
– Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы артып келеді. Үкіметаралық, парламентаралық деңгейде жұмыс істеп келеміз. Әлемдік және аймақтық ұйымдарда да біргеміз. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан тығыз қарым-қатынасты мен одан әрі дамытуға бар күш жігерімді саламын, – деді Қазақстан Президенті.
Қырғыз Республикасының Президенті жылы кездесуге ризашылығын білдіріп, мемлекетаралық байланыстардың достық сипатын атап өтті.
– Алыстағы ағайыннан жақындағы көршіні артық көретін біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бүгінде үкіметаралық жол картасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Өзіңізді Қырғыз Республикасына сапармен келуге шақырамыз, – деді Сооронбай Жээнбеков.