«Алаштану» орталығы – Алаш тағылымына жасалған құрмет
2016 ж. 03 мамыр
3207
0
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығы ашылды. ҚазҰУ – ұлттық білім беру жүйесі көшбасшыларының алдыңғы қатарынан орын алған, классикалық университеттік білім беру дәстүрі мен жаңашылдықты ұштастырған, еліміздің ең ірі жоғары оқу орындарының бірі және бірегейі екендігі сөзсіз. Осы университетте Алаш қайраткерлері дәріс оқыған, қызмет еткен, ғылыми-зерттеу ізденіс жұмыстарын жүргізген. Міне, 80-жылдан астам тарихы бар, білім мен ғылымның қарашаңырағымен «Ақ жол»партиясы шығармашылық байланыс орнатты. Оның көрінісі бүгін салтанатты түрде ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев пен ҚазҰУ-нің профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының тұсауын кесті.
[caption id="attachment_51009" align="aligncenter" width="500"] SONY DSC[/caption]
Аталмыш шарада «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев: «Бұл жоба – университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған жемісті, игілікті жоба. Басты мақсатымыз – Алаш қайраткерлерінің мұрасын жастар мен жасөспірімдерге насихаттау, олардың Алаш мұрасына деген қызығушылығын арттырып, ғылыми әлеуеттерін кеңейтіп, елі мен жерін сүйер азамат ретінде тәрбиелеу. Бұл – университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған жемісті, игілікті жоба. Басты мақсатымыз – Алаш қайраткерлерінің мұрасын жастар мен жасөспірімдерге насихаттау, олардың Алаш мұрасына деген қызығушылығын арттырып, ғылыми әлеуеттерін кеңейтіп, елі мен жерін сүйер азамат ретінде тәрбиелеу» - деп, өз ойын ортаға салды.
Алаш мұрасының насихатталуы мен таралуына өз үлесін қосып жүрген «Ақ жол» партиясының, енді поэтикалық тілмен айтқанда, «қос қанаты» бар. Бірі – Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, екіншісі – осы әл-Фараби атындағы қарашаңырақ. Қазақстанның екі бірдей үздік университетінің алаштанушы ғалымдарымен әріптестік орнату дегенді – Алаш мұрасының кең көлемде жан-жақты қарастырылып, зерттелуіне жасалған құрмет деп білемін» деп өзінің құттықтауын білдірді. Жиынға "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Берік Дүйсенбинов, Дания Еспаева, «Ақ жол» ҚДП орталық аппаратының мүшелері, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының өкілдері, алаштану ғалымдар мен жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысты.
qazaquni.kz