АЛПАМЫС БАТЫР
2014 ж. 13 сәуір
6909
7
Мыңжылдығын ЮНЕСКО болып, бүкіл әлем тойлаған түгел түркінің қаһарманы Алпамыс батырдың алып
ескерткіші Шымкентке сыймай, шаһардан шыға берістегі Ақжар аулының ақ жазығына, қасиетті Қазығұрт баурайына орнатылды.
2014 жылғы 13 сәуірде Алпамыс батырдың әруағына арнап, ас беріліп, ұланғайыр Ұлыстың ұлы тойы болып,
керемет көкпар шабылды.
Жиделі Байсын – Жерұйыққа ел санаған, Қоңырауы күміс, күймесін алтын жалаған, Қоңыраттағы Байбөрі байдан тараған, Алпамыс батыр!- Байшұбар мініп жараған!, Рухың керек қазаққа мынау нар бабам, Елі үшін бүгін Ер болу керек әр адам! Алдаспаныңды алып жүре алмас алты адам, Көтеру керек!- Соғарда жаулар арқадан!.. Баһадүр баба, барқадар болу керек ек, Сақтықпен санап, өтуде бүгін әр қадам! Өмірде мынау аз емес бүгін қалтарыс, Қанымыз бенен жанымыз - жер ғой әр қарыс! Манасты сенің бейнең ғой дейді бұл әлем, Түркіге түгел Қаһарман болған Алпамыс! Қанымен баба Бостандық таңы атқанда, Қазаққа мынау Бірліктен басқа бақ бар ма!?. Алпамыс ұстар алдаспан төрге ілінсін, Ұядан бүгін Ұлтандар шығып жатқанда!?. Бабалар жайлы дүрілдеп оқып тұрғанда, Дірілдейтіндерден құтылар бүгін күн бар ма?!. Атаңды айтсаң, атылар заман кетсе де, Құтырып жатыр Ұлтаннан қалған құлдар да!.. Атам заманнан арқау боп аңыз-жырларға, Келесің бабам, Күн сүйген күймең күнде алда!.. Әр қала бүгін Алпамыстарын іздейді, Ешкім білмейтіндер ескерткіш болып тұрғанда... Жерімді қорғау – жетістік жыры ақынның! Бүгінде мынау күмәнмен өтіп жатыр күн!.. Тәуелсіздігіме тәу етіп енді жатқанда, Еліме түгел ескерткіші керек батырдың! Қазыбек ИСАwww.qazaquni.kz