Созақ экспедициясы
2024 ж. 30 мамыр
10336
0
31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
2022 жылдың 9-қарашасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің профессор-оқытушы құрамынан фил.ғ.д., профессор Досай Кенжатай, т.ғ.д., профессор Тұрсұн Хазретәлі, фил.ғ.к., доцент Сержан Оразбай бастағанТүркістан облысы әкімдігінің жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның бағыт бойынша топ жетекшілері Түркістан облысы, Созақ ауданына экспедицияға шықты.
Жұмысшы топтың Созақ жеріне экспедицияға шығудағы мақсаты - 1930 жылдың 7-16 ақпан аралығында болған Созақ көтерілісіне қатысты тың деректерді ғылыми негізде талдау үшін айтылған тарих негізінде жинақтап қайту болатын. Сонымен қатар, комиссия жұмысының қорытынды есебінде тарихи маңызы бар және мемлекеттік қорғауға алынуға қажетті жерлер жөнінде ұсыныс дайындау болатын.
Бұл сапарда, Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген Сұлтанбек Қожанов атындағы өлкетану музейінде болып, зерттеу тақырыбы аясында деректер жинақталды. Музейде ортағасырдағы жәдігерлер, қазан төңкерісіне дейінгі жергілікті халықтың тұтынған заттары, балбал тастар, жергілікті күйші, ақын-жазушылардың құнды дүниелері, Төлеген Момбековтың, Дина Нұрпейсованың ұстаған қара домбырасы, ел Тәуелсіздігінен, аудан тарихынан сыр шертетін мұралармен танысып қайтты.