ХАТҚА ТҮСПЕСЕ ДЕ, ЖАДТА САҚТАЛҒАН
2024 ж. 22 сәуір
1165
0
Қазаққа қатысты тарихтың көне Түркістанды айналып өткен жері жоқ. Ұлт руханиятының бесігі саналатын Түркістан басынан талай жақсы күндерді де, қиын-қыстау заманды да, қуанышты да, қайғыны да өткізген. Хатта қалмағандары жадта қалған. Мәселе – сол бай тарихымызды жас ұрпаққа қалай түсіндіруде.
Түркістан қаласының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрмахат Назаров архив құжаттарын ақтарып, осынау өлкеде солақай саясаттық құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың тізімін жасап шығарды. Оның есебі бойынша, мұнда отызыншы жылдардын ойранында тағдыры тәлкекке түскен 161 адам бар.
Енді бір сәт солардың кейбіріне тоқталсақ:
Абдесов Қары – 1880 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған.
Маусымдық жұмыс та жұмыс істеген. 1941 жылы 7 шілдеде сотталған. 1956 жылы 29 шілдеде ақталған. Абдуласенов Абдулахан – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ селосында тұрған. Абдуллин Шоғман – 1908 жылы туған. Түркістан қаласы, Қызылорда көшесі, №4 үйде тұрған. Госстрахта ииспектор болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 тамызда сотталған. 1957 жылы 2 тамызда ақгалған. Абдуллаев Каюм – 1899 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан стансасы, жұмыс орны аудандық Внутгоргта салық жинаушы болып қызмет істеген. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1962 жылы 2 қыркүйекте ақталған. Абдуллаходжеав Исматулла – 1868 жылы туған. Туған жері – Түркістаң қаласы, Қарнақ көшесі, №43 үй. Мешітте молда болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1954 жылы 14 тамызда ақталған. Абдуллин Баймахан Әлішерұлы – 1901 жылы туған. Тұрған жері –Түркістан ауданы, Ащысай руднигі, АХО-да жұмыс істеген. 1937 жылы 28 ақпанда сотталған. 1997 жылы 23 сәуірде ақгалған. Абдурахманов Қасым – 1892 жылы Қытайда туған, күзетші болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған. Абдурахменов Құрбан 1893 жылы туған. Түркістан қаласы, Еңбекші артелінде арбакеш болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1962 жылы 21 қазанда ақталған...
***
– Арғы тарихқа барлау жасауды осы мәселелермен кәсіби тұрғыда шұғылданып жүрген ғалымдарымызға қалдырайық та, соңғы жүз жылдың-ақ бедеріне бір үңіліп көрелікші, – дейді зерттеуші. – Билікке большевиктердің келуі, ұжымдастыру науқаны, жаппай ашаршылық, саяси репрессия, екінші дуниежүзілік соғыс, тоқырау жылдары, тәуелсіздіктің елең-алаң шағы – міне, осылардың қай-қайсысының да Түркістанға із тастамай кеткені жоқ. Атақты Сұлтанбек Қожанов 1918 жылы 9 сәуірде «Бірлік туы» газетіне «Түркістаннан хат» атты мақала жариялайды. Сол мақаладағы «Түркістан ауданы халықтарының жайы күн санап төмендеп, осы уақытта тым-ақ жаман күй кешіп тұр. Көшелерде шұбырып жүрген аш қазақ. Екінің бірінің аштықтан көзі іскен. Ана жерде де, мына жерде де аштан өліп жатқан адам. Осы кезде өлікті жинап алуға да шама келмей жатыр...» деген сөйлемдер санасында сәулесі бар адамдарға тұтас бір кезеңнің жағдайынан хабар береді. Әр адамның тағдыры болатыны секілді, әр халықтың да тағдыры болады. С.Қожанов мақаласындағы осынау қысқа үзіндіні біздің тағдырымыз деп қабылдасаң қисынсыз емес. «Түркістан және репрессия жылдары» деген тақырып арнайы зерттеуді қажет ететін өте күрделі сала екендігін баршаларыңыз да бағамдап отырған боларсыздар. Кімнің қаншалықты мән бергендігін білмеймін, сол бір қызыл террор билік құрған жылдары алақандай ғана Түркістаннан 161 (!) адам жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырапты...
Біздің Нұрмахат Назаровтың бұл уәжіне алып-қосарымыз жоқ.
Жангелді ҚЫНАЯТОВ,
Қазақ үні