«ХХІ ғасырдағы АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ» жалпыұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
2023 ж. 08 желтоқсан
5225
0
Алаш идеясы мен мұрасын насихаттауға арналған «ХХІ ғасырдағы АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ» жалпыұлттық байқауы өз мәресіне жетті.
Екі жүзге тарта жас үміткердің ішінен төрт номинация бойынша үздік атанған 14 талапкер бүгін Астана қаласындағы «Ақ жол» демпартиясының орталық кеңсесінде өзара бақ сынады.
Шараға «Ақ жол» демократиялық партисының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Асқар Садықов, Ержан Бейсембаев және тб қатысты.
- Қазақ үшін Алаш деген жай сөз емес. Алаш идеясы әр қазақтың қанында бар. Алашорда үкіметі 20 ғасырдың басында ең алғаш ұлттық мемлекетті құрған. Алаш - ұлттық идея. Идея деген толыққанды ұғым. Алаш сөзінің астарында тек қана саяси емес, экономикалық, нарықтық, халықаралық идеялар жатыр. Әлеуметтік әділеттілік деген ұстаным бар. Бұл Жалпыұлттық байқаудың мақсаты - жастар арасында Алаш ұлттық идеясына насихаттау. Алаш ең алдымен жастар арқылы тарайды, - деді А. Перуашев байқаудың ашылуында.
Жас зерттеушілер ұсынған еңбектерді «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы бастаған, “Алаш” мәдени және рухани даму институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік Комиссияның Жобалық кеңсесінің сарапшысы Сүлейменова Дәметкен, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат САҚ, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріп, Астана Халықаралық университетінің профессоры Қанат Өскембай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Сағымбай Жұмағұл, Астана Халықаралық университетінің профессоры Қайырбек Кемеңгер секілді қазылар алқасы бағалады.
Байқау барысында зерттеушілер көтерген тақырыптар бойынша қатысушылар мен қонақтар арасында қызу пікірталас орнады. Әділ-қазылар алқасы жас зерттеушілерге байқаудың салаларына қатысты түрлі сұрақтар қойып, қатысушылардың біліктілігін бағалады.
«Ақ жол» демпартиясының «ХХІ ғасырдағы АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ» жалпыұлттық байқауының қорытындысы:
«Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы» номинациясы:
I орын - «Астана» халықаралық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық жоғары мектебі факультетінің 3 курс студенті Ақансері Қазақбай;
II орын - Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті «Ғылыми тарих» мамандығының 2 курс студенті Дарын Жахангер;
III орын - Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті Ақгүл Жеңісханқызы.
«Алаштың рухани-ағартушылық қызметі және ұлттың оянуы» номинациясы:
I орын - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Рашид Кемелбек;
II орын - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы Әсем Өскен;
Үшінші орын екеу болды. Оның ішінде:
III орын - Ақтау қаласы № 11 лицейі тарих пәнінің мұғалімі Лиза Конбаева;
III орын - Қызылорда қаласы Байұзақ Ермекбаев атындағы № 271 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гайнегүл Аймыратова;
«Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту» номинациясы:
II орын - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Филология факультеті, «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 курс студенті Гүлнұр Сапарова;
Екі үшінші орынды бөліскен:
III орын - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті Биология-геогарфия факультеті «География-тарих» мамандығының 1 курс студенті Нұрғасыр Теміржан;
III орын - І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Талшын Касенова;
«Алаш тарихындағы «Ақтаңдақтар» номинациясы:
I орын - Астана қ. Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жауынбай Жылқыбайұлы;
II орын - Семей қаласының Шәкерім атындағы университеті, Филология факультеті, Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушысы Райымбек Өмірбаев;
III орын - Алматы қаласы химия-биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 11 сынып оқушысы Даниал Айдаров алды.