МӘСКЕУ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАҒАН КІМДЕР?..
2023 ж. 10 қазан
7054
3
Тарихтың атасы аталған грек Геродоттың жазбасына сай Тұмар – массагеттер патшайымы. Массагеттер құрамында қазақтың төртқара (қара масақ), масақ пен құттықадамнан тұратын масқар, кете рулары да кездеседі. Үшеуінде де шаңырақтың «крест» таңбасы бар.
Геродотты оқысақ...
«Томирис» фильмінде б.д.д. 530 ж. парс патшасы Кир II Ұлы Даланы жаулаймын деп келіп, Аму Дарья бойындағы шайқаста массагеттерден жеңіліп қаза тапты. Б.д.д. 519 ж. парсы патшасы Дарий I де келіпті. Тұмар патшайымның бұйрығымен Шырақ батыр жол көрсетемін деп парсыларды Қарақұм шөлінде адастырыпты, парсы әскері сусыз, тамақсыз әлсіреп отандарына үдере қашқан екен!..
2542 жыл өтсе де, төртқаралар бүгін де осы Қарақұмның қасындағы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өмір сүреді. Қазір кетелер мен масқарлар да осы аймақта отыр.
...Бірақ кейде, ұзаққа созылған құрғақшылық замандарында, біраз далалықтар жер шарының басқа жақтарына да көшіп кеткендері деректерден мәлім.
Тұранның ыдырау себебі
Мың жылға созылған құрғақшылықтан Тұран ыдырапты, көптеген далалықтартуған жерімен қоштасқан...
В.Демкин, У.Соловьева, Т,Демкина, А.Борисов «Палеоэкология Восточноевропейской Степи в эпохи неолита и бронзы» мақаласында: «Около 5000 лет назад началась аридизация (иссушение) климата, продолжавшаяся на протяжении тысячелетия. Около 4000 лет назад в восточноевропейских степях возник самый масштабный палеоэкологический кризис за последние 6000 лет (Сб. Проблемы ямной культ. ист. обл. О. 2006)» дейді.
Археолог Н.Л.Моргунова: «...в течение XX – XVIII вв. до н.э. в Поволжье и Приуралье происходили бурные события, связанные с переселением» (Археология Оренбуржья. С.68).
Металл тарихшысы Е.Н.Черных және т.б. жазған, б.д.д. 1900 жылдар шамасында Оңтүстік Орал-Қазақстан аймағы орталығы болған металл өндірген көшпелілердің алып, Чукоткадан Парс шығанағына дейін созылған, империясы құлайды – біздің Тұран ғой!.. Көш. Қош.
...Үндістанға жеткен тамалар «Самхта Ригведада»: «3900 лет назад высохла река жизни Сарасвати (ҚарасуАти, Атиль, Еділ, Итиль), до того бывшая полноводной»!.. «Ригведада»: «...о, Всемогущий, помоги людям племени тама народа кушика!»... Үнділер бұрында қазақты «кушика» депті, арабтар «кашек», қытайлар қыпшақты – «куше»...
Иранға (Парсы) көшкендер Зороастр (Жарастыр) пайғамбардың сөзімен «Авестада» із қалдырады: «мен тама тайпасынан...» деп. Лондондық профессор Мэри Бойс: «Зороастр – Еділ өзенінен шығыс далаларда туған» дейді (Зороастрийцы. Верования и обычаи).
Анадолыда кетелер өте қуатты «Кете» империясын құрады – б.д.д. 1800 жылдан б.д.д. 1180 жылдарына дейін жасаған. Т.ғ.д. Жамбыл Артықбаевтің «Хеттская империя и наше племя кете» мақаласы Интернетте бар. Кипр со замандарда «Алашия» аталған, ертедегі карталарда.
«Моск» дегені – «масақ» екен!..
Еуропалық деректерде «моск» дегені – «масақ» екен!.. Ал «Анты» – әнет кетелер..
Енді тарихшы Ю.Н. Дроздовтың «Моски, русы и Московское государство» кітабына қарайық. Автор көптеп берген деректерден түйін: «Москова» атауы екі сөзден тұрады. «Моск» – со қаланы салған халықтың аты және «ова» сөзі – «тайпа», «халық». Мысалы, шетел деректерінен, Р.Маффеи 1506 жылы: «Моски были потомками роксаланав». Дроздов Ю.Н.: «Скифо-сарматские или аланские (алшын!) племена появились в лесной полосе Восточной Европы не позднее II тысячелетия до н.э. Разговаривали на тюркском языке. В середине IX века на Русь проникли варяги-русы. Русы первоначально были тюркоязычным народом… со временем вынуждены были перейти на славянский язык… Поскольку они были доминирующим народом, по их этнониму этот язык стал называться русским… единый русский народ окончательно сформировался к концу XVII века в рамках централизованного государства, которое стало именоваться Россией». «Роксаланы» сөзін кітаптарда дерек қалдырған гректер «арыгсалшын» (лесные алшыны) сөзінен шығарыпты дейді Ю.Н.Дроздов – гректерде «ш» әрпі болмапты.
Москтардың физикалық түрі туралы граф Карлейл: «они красивы, глаза у них обыкновенно серые, цвет лица немного смуглый». П.Иовт 1525 жылы: «Московиты. Глаза у них серые, они ездят верхом и весьма искусно пускают стрелы даже и тогда, когда бегут и враг у них сзади». Шетелдіктер «масақ» сөзінің мағынасы «жебе ұшы» екенін білсе ғой, шіркін...
С.Герберштейн: «Есть и такие, которые объясняют это название смуглостью (foscus, braun-schwarz)». Москтардың антропологиясын «южно средиземноморский европеидный» дейді – итальян, испандардың түрлері бұған ұқсас, палеолингвист Марио Алинеи «Этруски были тюрками» деген кітабын 2013 жылы шығарды, Римді қалаған этрусктер түркітілді болғаны туралы. Испанияда да сарматтар қоныстанған, Солтүстік Африкаға өтіп, жаңа мемлекеттер құрғандары тарихта бар. Бүгінгі масқар, төртқара ерлерінің, қарасаң, 70% С.Герберштейннің «braun-swarz» дегеніндей – «қара-торы»...
Ия, ежелден бауырлас Әзірбайжанда «Масқұт» облысы бар, башқұрт, татар ағайындарымызда да «Масягут» фамилиялары мен ауылдары кездеседі...
Төртқараның көп ғасырлар бойы жазғы жайлаулары болған Еділге құятын Ұлы Ырғыз бен Бала Ырғыз өзендерінен Мәскеуге бір мың шақырым...
Бүгінгі тарихшылар «анты Сарматии есть одно из основных племен, составивших русский народ» дейді. Бұл – әнет кете. VI ғасырда Прокопий Кесарийский: «у антов образ жизни как у массагетов, светлые и не рыжие, сохраняют гуннский нрав».
«Орыс... әлмисақтан бергі байырғы қазақ»
Ибн Фадлан: «Я видел русов, они белокуры, краснолицы». Бұл бүгінгі қазақтың арасында да кездесетін түр. Шежірелерге қарасаң, біраз тайпаларда «орыс» атты тармақтар бар. «Ұлт» сайтында (22.07.2021) Мұхтар Мағауин «Алаш жүйесінде іргелес халықтар есімімен үйлес атты тармақтар бар деп жазды. – «Тіпті орыс та бар – орыс және құнан-орыс... ешқайсысы да кірме, бөтен тұқым саналмайды. Бәрі де әлмисақтан бергі байырғы қазақ»...
Бірнеше тайпаларымызда осы тармақ болғасын тек бір-екі мысал келтірейік. Суан тайпасы туралы Уикипедияда: «Албан, Суан, Дулат үшеуі бірге туған. Майқы бимен Домалақ анасының балалары. Суаннан төрт ата, соның бірі – Мұрат. Мұрат балаларының бірі Орыс»...
«Алаш айнасы» сайты «Тарақты шежіресінде»: «Тарақтының он екі атасы Қармыстың бір ұлы Апай, Апайдың бір руы Орыс»... Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы бидің заманы тарихшы Ж.Артықбаев кемінде неолит немесе энеолит десе, проф. М.Бойс «Йима (Майқы) заманы – тас ғасыры (палеолит)» дейді. Тарақты руы – Орта жүздің ноқта ағасы, «тарақ» – Майқының таңбасы... Осы екі мысал да орыс тармағының қазақтың байырғы руларының қатарында болғанын көрсетеді. Скиф-сармат уақытын алсақ, тарихшылар «аорсы родственны сако-массагетам в составе сарматов Приволжско-Приуральского региона» дейді. К.Ф.Смирнов – «аорсы в бассейне Илека» (бұл жердегі табында да тармағы бар және Майқы шежіреде, тарақ таңбасы да) және антикалық тарихшы, географ Страбон, т.б. жақын ақпарат береді.
«Көрінбейтін отарға» айналып – басқа тілге көшкен...
Русьте ертеде де, орта ғасырларда да түркі тілі қолданылды. Русь Алтын Орда заманында түркітілді конфедерацияның мүшесі еді. Бірақ Русь батыс-еуропалықтармен бәсекелестікте қара күш майданында беріспегенімен, біртіндеп батыс-еуропалықтардан діни, мәдени, идеологиялық, ғылыми, технологиялық, экономикалық тартыста жеңіліп – «көрінбейтін отар» қақпанына түсіп қалды, үстем тап санасы қарсыластар ықпалына илігіп, ыңғайға еріп, солардың еркіне бағына бастағанын аңғармады; сөйтіп түркі тілінен алыстай түсті және 80% ежелгі тарихи санасынан айырылды... (Салыстыру ретінде айтсақ, бүгінгі қазақ ұлты тарихи санасының 40% айырылған халық деп санаймыз)...
Ежелгі түркітілді бұлғарлардың қалайша өзге тілге көшкені де көпшілікке аян: әуелі Борис ханы католикшілерге қосылды, одан халқы араласты, дінмен өтар тіл төңірегіндегі римдіктермен византиялықтардың текетірестері, аласапыран өзгерістер, православиенің келуі, т.б. себептер. Тарих – саналардың, мән-мағыналар мен дүниетаным майданы, тарихи бағыттағы әдебиет пен оқулықтар реті көп, бәрін салыстырып саралай білсек қана ақиқатқа жақындай түсеміз...
Профессор Ю.Н.Дроздов та өзінің кітабында «өтірікке толы оқулықтарды жаттап алғандардың бастары ауырмасын» деп Русьтегі нәзік те күрделі жағдайларды меңзеп, бейнелеп көрсетеді... Біз де тек бүгінгі жағдайлы қалпына түскен орыс халқының уақыты – «XVII ғасырдың соңғы жылдары» дегеніне тоқталсақ...
Биліктен масақ кеткесін... құлдық келіпті...
Ия, жарнамаланған Грекияда құлдық үш мың жыл «дүбірлесе», ал римдіктерде екі мың бес жүз жылға созылса, Ресейде 1861 жылға дейін санасақ – үш жүз жылға да толмайды екен! Неден екен «аз» – крепостнойлық құқыққа ғасырлар бойы масқтар кедергі болыпты!..
Міне, Ю.Н.Дроздовтың «Моски, русы и Московское государство» кітабынан оқыңыз: «Все (!!!) правители государства Московского как минимум до Ивана IV Грозного включительно были москами... Моски с распространением власти Золотой Орды получили ее поддержку. В то время в зоне влияния Золотой Орды без ее поддержки возвыситься и расширить свои владения не мог ни один народ. Со временем моски основывают свое государство, которое получает название по их этнониму – Московия». Москваны тұрғызды деп саналатын, жылнамаларда – Гюрги (ресми оқулықтарда – Юрий Долгорукий) – масақ екенін біле жүрейік!..
Ия, Алтын Орда стратегиясының мақсаты түсінікті: бәр халықтар өз жерінде тұра берсін деп, орманды жақта күшті орталық орналсын деп, Масақ оба қонысын таңдаған!.. Киев, Паскова (біраз деректерде Псковты солай атайды), Новгород шекараға жақын – орталық әрірек болу керек деп, күнбататын жақтан басқыншылар келіп қалса...
Енді масаққа оралсақ...
Иван IV Грозный (1530 – 1584 ж.ж.) патшаны 1584 жылы улап өлтіріпті. Елу үш жасында... XVII ғасырдың жылнамасында: «царю дали отраву». Деректер көп, уды кім бергенін, не бергенін – мемлекетті басқа жолға бұру үшін. XX ғасырда сүйектерін зерттеген мамандардың түйіні: «царь был отравлен «коктейлем» из мышьяка и ртути»... Бұл патшаның туғанда берілген аты Тит (Тет), мағынасы – «Тәңірдей ет!» (Как Бог поступай). Осы сөзден «титан» (тит небесный), «тетен» (равняйся на Бога) сөздері шыққан...
Ия, патшалыққа Борис Годунов келеді, бүлікшілік басталады. Академик Ф.И.Успенский (1845 – 1928) «Восточный вопрос, ближневосточная политика России с половины XV века» монографиясында жазады: «Иезуиты организовали Смутное время в Москве... ввели во власть Романовых (Roman) – ставленников папы римского. Крепостное право, его введением ломали хребет и волю русскому народу» (с.37). «Иезуиты создали миф о злодее Иване Грозном, – дейді Мұрад Аджи «Дыхание Армагеддона» кітабында, – из-за сопротивления Грозного внешней экспансии»... Казань разрушили они, деп түйіндейді Мұрад Аджи, «т.к. она больше всего мешала иезуитам»...
Масақтар биліктен кеткен соң... XVIII ғасырда Екатерина II (үйленгенше неміс принцессасы София) орыс халқының крепостной құлдықтағылардың 90% жеткізіпті. Со ғасырдың басында І Петр патшаның уақытында Ресей тарихын немістер жазуы басталды. Өтірік жазды. Сол оқулықтарды бүгін де ресейліктер мен көршілері оқып-тоқуда. Тарихты бұрмалауға қарсы шыққандарды аяусыз жазалады: академик Михаил Ломоносовты дарға асу үкімі шықты, бір жылға жақын асуды күткен, үкімді өшірген соң босатылды. Ғалымды да улап өлтіріпті. (Бұл жөнінде ғаламтордан В.Жигловтың «За что Ломоносов был приговорен к смертной казни?» деген мақаласын оқысаңыз біраз жәйтті аңдайсыз).
Төреғали Қазиев,
зерттеуші