Қазақ-Қырғыз бір туған халық - тарихшы
2021 ж. 04 қазан
11990
1
Егемендік алғаннан кейін ұлттық зиялы қауымының өз халқының тарихына деген қызығушылығы оянып, ұлттардың өзін-өзі анықтау үрдісі жүзеге асып келеді. Сондай халықтардың бірі-Қазақ пен Қырғыз халқы. Егер ұлттардың белгілі бір мәдениеті мен тілі, белгілі бір аумақта өмір сүретін этникалық топтың ежелгі шығу тегі туралы дәлелдері болса ғана ол ұлттық мемлекет деп саналады. Осындай халықтың бірі қырғыз бен қазақ. Қырғыз халқының шығу тегінің Қазақпен туыстық байланысы туралы айтпақпыз.
Қырғыздың Қазақтан(Қаңлыдан) бөлінгендігін анықтау үшін алдымен, Қаңлының ежелгі тарихына шолу жасайық. Қазақтың негізін құраған Қаңлы қазіргі қазақта да қаңлы атанады. Сонау Шығысында Тынық мұхитқа дейін, оңтүстігінде Кіші Азия төріне дейін, батысы Днестр, Азуға дейін салтанат құрған қаңлылар кейінгі қазақтың құрамында саны жағынан шағын ру ғана болып қалды. Соған қарамай, кем дегенде 5500 жылдық тарихы бар қаңлы тайпасы, қазақ тайпаларының ішіндегі ең көнесі болатұрып, өзінің шығу тегін жоғалтпай, аталуын сақтап қалған бірден-бір-халық.
Қаңлы тарихы б.з.д. 4-мыңжылдықтан белгілі, онда олар Кангха халқы ретінде жазылған. «Авестада» Сырдария өзенінің көне аты «Кангха» деп аталады. Кангха өзені жағасындағы халықты ирандықтар «кангар», қытайлар «кангюй» деп атады. «Оғыз-наме» мен Рашид-ад Динде «Қаңлы бек» деп антропоним ретінде аталады.
Қаңлы дегеніміз шын мәнінде қазақтың арғы түп атасын құраған іргелі елдің бірі. Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректерде қангха(қаңлы) Елінің аты б.з.д. XIV ғасырдан бастап мәлім болған. Оны дәлме-дәл ешкім атап бере алмайды. Осы көне қаңлы тайпасы өзінен кейін пайда болған көптеген ру тайпалардың жеке дара халық болып қалыптасуына ұйытқы болған, солардың бірі-қазақ, өзбек, қырғыз, әзербайжан, қарақалпақ, саха, ноғай, башқорт т.б. халықтардың этникалық ядросы, негізі, іргетасы, құрамдық бөлшегі ретінде танылып, тарихта әйгілі болған этнос. Сондықтан да тарихи географиялық жағынан да қаңлының тарихын баяндамай, басқа қаңлыға көршілес халықтардың шығу-тегін айқындап алу аса қиын.
Қаңлы туралы бірінші хабар император У-дидің тұсында (б.з.д 140-87жж) уақытта хатқа түсті. " Хан әулетінің кітабында" қаңлы "Кан жуй" деп тіркелген, ал бұл жазулар б.з.д. II ғасырдың екінші жартысына жатады. Ертедегі дәуірлер туралы қытай кітаптарында "Кан жуй гую-Қаңлы мемлекеті" деп айқын көрсетілген. Басқа қытай кітаптарында қаңлы "кан, қангла, кангуй, қангар, кенгерес" ретінде бейнеленген. Авеста шығармасында қазіргі Қазақстан аумағындағы «Қангар», этнонимі б.з.б. VI ғасырдан бастап кездеседі. Астанасы Кангх қаласы болған.
Ол Кангх қамалы ӨзР Ташкент облысы Аққорған ауданына қарасты Айтаңбалы, Елтамғалы ауылына жақын жерде, Ангрен өзенінің Сырдарияға құйар тұсында орналасқан. Б.з.д. III ғасырда Қаңлы мемлекетінің бірінші астанасы болған.Ташкенттен 70 шақырым жерде, 160 гектар жерді алып жатыр(суретті қараңыз). «Шицзиде» қаңлының орналасуы туралы былай делінген: Қаңлы мемлекеті Даванның (Паркан- бұл қытайша Ферғана) солтүстік-батысында шамамен алганда 2000 ли жерде жатыр. Даваннан (қазіргі Ферганадан) бес басқару орталығынаң және әрбір кіші иеліктердің басқару орталығынан ара қашықтығы төмендегі қартада көрсетілген.
Қырғыздар қаңлылардың бір тармағы. Олар Қангха мемлекетінің оңтүстік топтарының тайпалары болып саналатын еді. Себебі олар-топтардың тайпалары іргелес Ферғана даласында жасаған.
Б.з.б. V-ІV ғасырдағы деректер бойынша, Қаңлы мемлекетіне Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған. Олар қазіргі ӨзР-дағы Бұқара, Шахрисиябз, Кушаниз (Қатта-Қорған төңірегі), Ташкент аумағы, Хорезм өлкесі. Бұл атауларды Қытайдың "Синь Тан шу" тарихи дерек көздерінде былай атаған: Шы –Сусе; Хэ – Фуму; Ши – Юйни; Ань –Ги; Хосюнь - Юегянь [Бичурин Н.Я., 1950, II, с. 311, 313, 315, 316; Малявкин А.Г., 1989, с. 77, 79, 84].Бұл атаулар мыңдаған жыл өткенде төмендегідей болып өзгерген:
1. Шы -Сусе-Шахрисябз,
2. Хэ -Фуму- Кушаниз (Қатта-Қорған төңірегі),
3. Ши -Юйни-Ташкент,
4. Ань -Ги-Бұхара,
5. Хосюнь Юегянь-солтүстік Хорезм [Бартольд В.В., 1963, с.177].
Қаңлы мемлекеті өз алдына жеке саясат ұстап, көрші елдердің сырт жауларына, басқыншыларына қарсы күрестеріне жәрдемдесіп отырған. Б.з.б. 104-102 жылдары олар қытай әскерінің басқыншылық шабуылынан қорғану үшін ферғаналықтарға, яғни Даван мемлекетінің құрамындағы Қаңлының ең асыл үш тайпасын қорғап, соған жақтасып соғысты. Олар: кангар-эрдим, гила және чур. Мұндағы қанғар дегеніміз-қаңлылар болатын.
Осы соғыста Қытайлар 60 мың әскермен келсе де жеңіліп әскерінің тек 10 мыңы ғана тірі қалып еліне қайтқан. Ал, б.з.б. 85 жылы Шығыс Түркістан қалаларын иемденбек болған қытайлықтарға қарсы көтеріліске шыққан Қашғар билеушісіне әскер жібереді. Мұндағы қаңлы саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылы Шығыс Түркістанға өтетін сауда жолына ықпалын сақтап қалу еді. Содан кейін б.з.б. 47-46 жылдары Ферғана, Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуымен ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасауға жәрдемдесті.
Қытай тарихшысы Сыма Цянь“Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын анықтап, сипаттап жазған. Қытайдан барған елшілер Қаңлы мемлекетінің жазуы болғандығын, хан сарайында Заң жарғыларының ілулі тұрғанын көрген. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы ) болған деп көрсетілген.
Даван(Паркан-Ферғана) мемлекетінің астанасы алғашқы кезде Эрши болған. Қытайлармен Ферғана үшін соғыс көп болғандықтан, Эрши қаласы түгелдей қирады.
Сондықтан астанасын қауыпсіздеу қала «Гуйшаниге ауыстыруға мәжбүр болды. Ал олардың бірінші астанасы болған Эрши уақыт өте келе дыбысталуы «Эдиге» айналған. Себебі Қытайларда «р» әрпі жоқ. Хатқа «Эди» болып түскен. Осы мемлекеттің құрамында Қаңлының ең асыл үш тайпасы-кангар-эрдим, гила және чур болғандығын жоғарыда айттық. «Эди» қаласы кангар-эрдимнің атымен аталуы мүмкін. Мұндағы қанғар дегеніміз-қаңлы деп айттық. Сонда қазіргі қырғыз халқы осы кангар-эрдимнен шықан деп толық айта аламыз.
Енді олардың екінші астанасы болған «Гуйшани» қалай «гяньгунге» айналғанына тоқталайық. Тарихшы ғалым Дж. Э. Пуллиблэнк ғылыми еңбегінде ежелгі уақытта қытай этнонимдерінің «гяньгунь», «цигу», «хягяс», «килигис» атаулары «кыркыр» түрінде болуы мүмкін деген тұжырым жасайды. Кейінірек, түркі тілінің эволюциялық дамып, өзгеруі нәтижесінде соңғы «r» әрпі «z» -ге алмастырылған. Сонда жоғарыдағы Қытай этнонимдерінің «гяньгунь», «гегу» және «хягяс» кыркурдың да, кыркуздың да формасы бола алады деп дәлелдейді.
Енді қаңлыдан бөлініп қалай қырғыз атанғанына тоқталайық. Ортағасырлық хягяс» этнонимінің качин тайпалары мен хаас атауларын «хасха» терминімен алмастырды. Бұл «хасха» (қырғызша «кашка») этнонимінің шығу тегі ежелгі дүние тарихында жазылған материалдарда әскери-саяси терминмен байланысты екенін көрсетеді. Ортағасырлық деректерге сүйенсек, «хасха» әскери жетекші, қырғыз, қазақ және қалмақ тайпаларының әскер одағының жетекшісі, атағы, шені ретінде пайдаланылған. Қазақта «ой қасқа-ай!» деп одағайлап сөйлейтіні содан қалған. Ой батырым! деген мағананы береді. Сол заманда садақты жақсы бағыттап ататын батыл жауынгерлерді «кашка» деп атаған. Сонымен бірге шайқаста көзге түскен жауынгерге берілетін бірнеше атақтары болған. Мысалы, кашка, сай кашка, қой кашка, және т.б. бар.
Л.Р.Кызласовтың айтуынша «хакас» термині орта ғасырлардағы Енисейде тұратын этникалық топтың атауы, ал «қырғыздар» дегенімізі «ежелгі хакастардың ақсүйектер династиясының» билеушісі, яғни ежелгі хакастардағы қырғыздардың ақсүйектер тобы, ғұндардағы билеушілердің шанюиіне, түріктердегі ашиналарға, ұйғырлардағы яглакаларға, кидандағы елюйлерге т.б. теңестіріп жазды. Ал Н.Д. Доможаковтың пікірі бойынша «хаас» этнонимі «хагас» («хакас» немесе «хагас») түрінде жазылған, сондықтан ежелгі «хаас» атауын адамдар - «хакас» деп сақтаған.
Качин тайпасының этникалық құрылымында кангит руы бар. Қачин руларын әкімшілік-аумақтық бөлу принципі қырғыз тайпасының қанды және қазақтың қаңлы тайпасының рулық құрылымымен өте ұқсас. Мысалы, Качин тайпасының рулық құрамында хасха, ах-хасха, паратан-хасха, талджан-хасха, ус-хасха, хара-хасха, кангит(қазіргі кезге дейін монгол қаңлыларын-кангит деп атайды) және т.б. тайпалық топтар бар. Аумақтық сипаттамасы бойынша хаастар хара хаас, көк хаас, хыр хаас (қара, көк және сұр хаас), сондай-ақ шекара тобын білдіретін сагай хаастары болып бөлінеді. Қырғыз қандылары (қаңлы) қара қанды, сары қанды және т.б. болып бөлінеді. Олар қазіргі кезде тарихи отаны Ферғана алқабында жасайды. Сол сияқты Қазақ құрамына қаңлылар да қара-қаңлы, сары-қаңлы, қызыл-қаңлы, бадырақ-қаңлы, қаспан-қаңлы, шанышқылы т.б. болып кіреді.
Қазіргі қырғыздардың құрылымында хакас «хасха», «хаас»//«качин» және енисей қырғыздарына тікелей қатысты этнонимдер сақталған. Олар: кашка (тайпа-теит),
чулум кашка (тайпа-доолос), жети кашка (тайпа–солто; басыз), качи (тайпа-солто), желден (хакас. чжьелден, чилдег), бугу (хакас-пугу), чулум мундуз т.б.
Қытай этнонимдері «гегуді» және «хягясті» кыркурды да, кыркузды да бір этникалық топ деп айтуға болады деген едік. Сондықтан «гегуді» «хягяс» деп атауымыз VIII-X ғасырлардағы Орталық Азиядағы қалыптасқан саяси және этникалық үдерістерге және жағдайға толық сәйкес келеді. Бұл кезеңде осы Енисей қырғыздары Қырғыз мемлекеттілігінің құрған болатын. Оны Қытай да, Византия да, араб-парсы әлемі де,т.б. мойындаған болатын.
«Хягяс дегеніміз - ежелгі Гяньгунь мемлекеті». Қытай дереккөздерінде Хягяс мемлекеті – бұл гяньгундер мен қырғыздардың ерте кезде мекен еткен мемлекеті деп, анық және нақты айтылған. Даван мемлекетінің екінші астанасы болған «Гуйшани» заман өте келе «гяньгунге» айналғанын жоғарыда айттық.
IV-VI ғасырда Қаркыра халықтарының негізгі күштері (тырналар патшасы) Енисейдің орта ағысында шоғырланды, онда олар өздерінің иеліктерін жасады. С.Ахсикендидің айтуы бойынша қырғыздарға Каркырабек пен Манас билік құрған кезде, билік құрушы әулеттің атымен жеті кашка деп, ал халықты - каркыра деп атаған деп жазады.
«Қырғыз» - «Қарқар» этнонимінің ежелгі формасының пайда болуы ең танымал атаулардың бірімен тікелей байланысты болуы мүмкін. Еуропалық ғұндарда, печенегтерде, қаңлыларда, хазарларда, т.б. тайпалары одағында «Карха» дәрежесін кеңінен қолданады. Сонымен қатар Алтай мен Кангха мемлекетіне қатысты да кездеседі. Оның үстіне, Авестадағы «кангха» атауын «кангар», «қаңлы» және «қанглы» этнонимдерімен сәйкес келеді.
Демек, «қарха» термині әртүрлі формада болды және Авестада жазылғандай «Канха» мемлекет атауымен тікелей байланысты айтылады. Кангха мемлекетін карха (аққу) атақты әулетінің өкілдері басқарған, соған сәйкес олар құрған тайпалардың одағы кангар немесе қаңлы деп аталған. Кейін бұл атауды уақыт өте келе Кангха мемлекетінің құрамына кіретін және онымен одақтас, қарым-қатынаста болған Саян-Алтай көшпелі тайпалары да алды. Бұл мағынада «карха» «каркар», «каркун» немесе «кангар» сияқты айтылатын ең ежелгі формалар «қырғыз» этнонимімен тікелей байланысты. Канха / Кангар және Карха / Каркар және Кашка / Қырғыздар арасында бір мағанада деп түсінуге болады. Демек, осы айтылған атаудың шығыс және оңтүстік шекараларында, яғни Ферғана аймағында өмір сүрген Канха мемлекетінің тайпаларының бірі болған деп қорытынды жасауға болады. Оларды «карха» тұқымының өкілдері басқарған (ақ аққу, каркыра-тырна). Даван(Ферғана) даласында жасаған қаңлыларды меңзеп тұр. Тиісінше, олардың көшбасшылары «карха» / «кашка» деп аталды, ал «қырғыздар» осы этникалық топтың өзіндік атауы болып қалыптасты.
Қаңлылардың антропологиялық типі – еуропидтік, жүзі ақ, көзі көк болып келеді, андронов мәдениеті адамдарына өте ұқсас. Ал тілі мен әдет-ғұрыптары үйсіндерге, аландарға, ғұндарға ұқсас болған. Сол сияқты Енисей қырғыздары да (гяньгун) еуропдтік болды, оны палеогенетика растайды.
Жоғарыда Даван мемлекетін Қаңлының үш тайпасы құрғандығын жаздық.Сонда қазіргі қырғыз халқы осы кангар-эрдимнен шыққан деп айталамыз. Себеді қазіргі кездің өзінде Качин тайпасының рулық құрамында кангиттер(қазіргі кезге дейін монгол қаңлыларын-кангит деп атайды) бар. Қырғыз қандылары да (қаңлы) қара қанды, сары
қанды және т.б. болып бөлінетінін, сол сияқты қазақ құрамына кіретін қаңлылардың да, қара-қаңлы, сары-қаңлы, қызыл-қаңлы, бадырақ-қаңлы, қаспан-қаңлы, шанышқылы т.б. болып бөлінетінін жоғарада айттық. Осы сәйкестікті ескере отырып-–қырғыздар қаңлыдан бөлінген деп қорытынды жасауға болады.
Қырғыздардың қаңлылармен бірлігі мен туыстық қарым-қатынасы туралы «Манас» эпосында да айқын көрсетілген:
Жақында келген туыстары
Жақып байдан қалай баспана алуға болады,
Біз бір жыл өмір сүрдік.
Олардың отбасылары
Қаңлы деп аталған халық,
Қаңлы арасында
Чегеш батыр болған.
Жоғарыда «қарха» термині Авестадағы «Кангха» мемлекет атауымен тікелей байланысты айтылады дедік. Осы «қарха» мен «Кангха» Кавказ(Қаңлы тауында) тауында да бір мағанада айтылады. Керч қаласының аталуын да төмендегіше бағалайды. Орта ғасырлардағы Қырым қаласының аты Керч / «Карча» деген атпен байланысты екендігі анықталды. «Карха» атауы ғұндар және печенегтер қоғамында адамның аты, жетекші тегі, жергілікті аты және т.б. адамның аты, көшбасшының тегі, елді мекен атауы ретінде және т.б.кеңінен қолданылды. «Тәңірлік» іліміндегі болгар жылнамашыларының айтуы бойынша «карха» жарық пен жылу алабын бейнелеген. Оның тірі нұсқасы - ақ аққулар оның құрметіне Алтайдағы Құманды өзені (аққу) атауы сақталған. Яғни, Қангар тайпаларының елінде. Баһши Иманның кітабында Атилланың әпкесі Хорхе ("Аққу") туралы аңыз келтірілген, оның құрметіне Хорька қаласы (қазіргі Харьков) салынған. Аңыз бойынша, Хорька осы қалада өмір сүрді және оның кеңесін тыңдамай, соғысуға кеткен кезде қайтыс болды.
Қазіргі кезде өз руының атауын сақтап қалған қаңлы-печенектер Украйнаның Харьков облысына қарасты Печенек ауданында жасап жатыр. Халқының саны 2018 жылғы санақ бойынша 5200 адам. Кавказда б.з.б. кездегі Қаңлы қорғандары табылды («кумский -1», «канглы-1», «канглы-2»). Оларға археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл Қаңлылардың Кавказда өмір сүргендігінің айқын дәлелі.
Жоғарыда айтылған Қаңлы тауында б.з.б. VIII ғасырда Қаңлылардың мемлекеттік құрылымы болған. Қорыта келгенде қырғыздар мен қаңлылар Алтаймен Кавказ жерінде бірге жасаған, тегі бір туысқан халық деп тұжырымдауға болады.
Демек, «қарха» термині әртүрлі формада болды және Авестада жазылғандай Алтайдағы «Канха» мемлекетінің атауымен тікелей байланысты болды. Кейін бұл атауды Канха мемлекетінің құрамына кіретін және онымен одақтас қарым-қатынаста болған Саян-Алтай көшпелі тайпалары да алды. Бұл мағынада «карха» «каркар», «каркун» немесе «кангар» сияқты айтылатын ең ежелгі формалар «қырғыз» этнонимімен тікелей байланысты деуге болады. Кангха / Кангар және Карха / Каркар және Кашка / Қырғыздар арасында бір мағанада айтылған деп түсінуге болады. Қангар этнонимдеріндегі «қарха» және «гиланы» («ила», «илак»). Қырғыз деп түсінуі керек.
Олай болса печенек-қаңғар-кенегес-кенгерес-қаңлы тайпаларының бір халық екендігін тарихшы ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып дәлелдейік. Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі
Сырдарияның Кангар атауымен аталатын кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. Сөйтіп, б.з. VII-VIII ғасырларында Арал теңізі маңындағы Қаңлы //қаңғар тайпасының бір бөлігі қаңлы// пешенек атана бастайды. Себебі іс жүзінде Ежелгі Кангха мемлекеті VII-VIII ғасырларда жойылған деп санауға да болатын еді.
Ортағасырлық аты белгісіз парсы географының “Худуд Аль-Алам”(Әлем шекарасы) атты еңбегіндегі деректерге сүйенсек, Арал маңынан жылжыған қаңлылар тап осы жерде, яғни Еділ-Жайық аралығында бажнак-түркі және қазар-түркі болып тағы да екіге бөлініп, екі бағытта жылжиды. Бажнақ-олар абша печенек атауы.Жалпы печенег тер Орта Азия даласындағы қаңлы (кангюй) тайпалар бірлестігінен бөлініп шыққан өте ірі тайпа болатын.
С.Г.Кляшторный И.Маркварттың пікірлері бойынша Орхон жазуларында кездесе тін «кенгерес» этнонимінің «қаңғар» этнониміне байланысы туралы талдаған. Печенег-кенгерестер Арал аймағында және Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан деген пікірінің «Қаңға өзенінен келгендер» деген мағынаны туындататынын атап көрсеткен еді. Жалпы алғанда, ол бұл Ибн Хордадбехтың Сырдария өзенін Қаңғар өзені деп атаған пікірімен сәйкес келетінін атап кетеді. Осыған байланысты В.В.Бартольд оның көзқарастарындағы қаңғарларды кенгерестермен байланыстыруды, сондай-ақ ежелгі печенегтерді Сыр бойына орналастырылуын қолдайды.
В.В.Бартольд зерттеулерiнде де қаңлы/қаңғаласқа байланысты Константин Богрянародныйдың пiкiрiне сүйенiп: «VIII ғасырдағы печенектердiң ордасы қаңғар /қаңлы деп аталған, ол атау кейде кенгерес/кеңгiрiс деп те айтылып келген» [В.В.Бартольд. Соч.,т.V.М.,1968] десе, С.Е.Малов кенгерес этнонимiнiң Кiшi Күлтегiн ескерткiшiнде [Памятники древнетюркской письменности. М-Л.,1951], Дж. Маркварт бұл атаудың VII ғасырдағы Орхон ескерткiштерiнде [j. Marguart. Die Cronolodie oter altturkischen Zuschriften. Leipzig, 1898] кездесетiнiн ескерте келiп, «кенгерес-печенектiң баламасы» деген пiкiрге тоқталады.
«Анда кері: Қара Түргеш: бүтін (халық): жау болды: Кеңерес таман барды». Бұл жолдарды М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлы былай аударды. Онда «Қара-Түргеш халқы жау болды. Кеңіреске қарай бардық» Бұл аудармалар алғашында «Кеңерес» деп алынса, кейінгісінде «кеңірес» деп көрсетілгенін байқаймыз. Зерттеушіледің көпшілігі осы атауды түркі дәуіріндегі қаңылылардың атауы деп қарайды. С.Г.Кляшторный И.Маркварттың пікірлері бойынша Орхон жазуларында кездесетін «кенгерес» этнонимінің «қаңғар» этнониміне байланысы туралы талдаған.
Қазақтың «Кеңегес бар да, ерегес бар» деген мақалы бұл тайпаның жауынгер болғандығын әйгілейді. Сонымен қорыта келгенде печенек-қаңғар-кенегес-кенгерес-қаңлы болып шығады.
Жоғарыда айтылғандардан бастап, қырғыз этникалық тобының пайда болуы және оның атауы Алтайдағы Қангханың иелігімен және «карха» атауымен де байланысты болды. Олар әртүрлі формада болды. Солардың бірі «кыр-кыр» немесе «каркар» болды. VIII ғасырда түркі тілдерінің эволюциясы нәтижесінде қытай және араб-парсы тарихшылары Минусин ойпатын "хягяс" және "хыр-хыр"деп жалпы атауымен белгілей бастады. Яғни, қырғыз-гяньгундер Кангха мемлекетінің шығыс және
оңтүстік шекараларында өмір сүрген, Ферғана мемлекетін құрған Кангха мемлекеті тайпаларының-иеліктерінің бірі болған деп қорытынды жасауға болады. Оларды карха әулетінің өкілдері басқарған (ақ аққу, каркыра-тырна). Сондықтан олардың көшбасшыларын «карха» / «кашка» деп аталды, ал «қырғыз» осы этникалық топтың өзіндік атауы болып қалды.
Қырғыздардың тарихы қаңлылармен етене байланыстылығына тоқталайық. С.М. Абрамзонның зерттеуінше орта ғасырларда Каңлылар Тянь-Шаньдағы Шу өзенінің алқабына қырғыздармен көрші тұрғандығын, Қаңлы тайпасының атауымен Кичи Кемин аймағында Қанды(Қаңлы) арық өзендердің бірі орналасқанын жазады.
Қазіргі кезде Ферғанаға жақын тұратын Қырғызстанның Ош облысына қарайтын Лейлек ауданының Баул кишлағында қаңлының ават және кесек тармақтары жасап жатыр. Ферғана ауданының Кокелен кишлағында, Кувин ауданының Қанды(Қаңлы) кишлағында, Вуадил аумағының Каратиянак, Каптархан және Каранай кишлактарында қаңлылар тұрады. Сонымен қатар Фрунзе және Ноокат аудандарында, Джалал-Абад облысының Базар-Курган ауданына қарасты Жарке кишлағында, Сузак ауданының Ченге кишлағында, Араван ауданының Тепекурган ауылдық кеңес аумағында Қаңлылар тұрады.Б.з.б.III ғасырда осы аймақтардың барлығында Қаңлылар жасаған. Оның дәлелі Хань императоры У-ди б.з.б. 138 жылы және 115 жылы «Батысқа» саяхатшы Чжан Цяньді жіберген еді.Орта Азияны аралап келген соң ханға берген есебінде, ол жерде «Қаңлыдан басқа халық көрмедім»-деп жазылған.
Қырғызстан мен шегаралас Өзбекстанның Аим ауданына қарасты Мукур, Қанды(Қаңлы) және Чирак-тамга кишлактарында, Зеравшанда, Андижан облысының Кургантепе ауданының Дардок кентінде қаңлылар тұрады. Осы Дардок кентінде қазірдің өзінде 7000-нан аса қаңлылар тұрады. Дардоктың бұрынғы аталуы қаңлы болатын. Қаңлы атауы күні бүгінге дейін сақталып келеді. [Опубликована в сборнике известия Томского политехнического университета тематический выпуск “Сибирь в Евразийском пространстве” под. ред. Л.И.Шерстовой -Томск: из-д ТПУ, 2002-вып. 7. – С.3-19].
Енисей қырғыздарымен Алатау қырғыздарының туыстығына тоқталайық. Енисей қырғыздары, яғни ежелгі қырғыздар Алатау қырғыздарымен бір халық. Себебі VІІІ ғасырдың екінші жартысына енетін Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазулармен Қырғызстанның Кочкор және Талас аңғарларынан табылған мәтіндер сәйкес келеді. XVII ғасырдың 2-жартысында Енисей қырғыздары Жоңғарияға бағынды, бағынбаған көпшілігі Орталық Азияға қоныс аударды. Көшпей қалған рулық топтары качиндер мен сагайлар хакас этникалық тобының қалыптасуына көп үлес қосты. Қырғыздар 840-924 жыл аралығында Енисей Қырғыздары деп аталса, қазіргі уақытта Алатау Қырғыздары деп аталады.
Қырғыз ғалымы Табылды Акеров өзінің жазған монографиясында: «...қырғыздарды осы меншіктің шығыс және оңтүстік шекараларында өмір сүрген Кангха мемлекетінің тайпаларының бірі болған деп қорытынды жасауға болады...» деп жазған. [Табылды Акеров. «Каркыра хан Великий Кыргызский каганат (Роль этнополитических факторов в консолидации кочевых племен Притяньшанья и сопредельных регионов (VIII-XIV века)»: Монография,- Бишкек: 2012;-202с. ISBN 978-9967-02-853]. Бұл тұжырымды бізде қолдаймыз.Қазақ пен қырғыз бір туған халық.
Бекболат Тасболатұлы,
профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары
академиясының корреспондент-мүшесі
Қазақ үні