"Ақ жол" партиясының өкілдері қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті
2019 ж. 31 мамыр
19511
6
Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай "Ақ жол" партиясы өкілдері Алаш арыстарының суреттерін алып, елордадан "АЛЖИР" мемориалды кешеніне жол тартып, жазықсыз шейіт болған бабалар рухына тағзым етті.
Шараға партия төрағасы Азат Перуашев, төрағаның орынбасары Қазыбек Иса, Алматыдан арнайы келген Желтоқсан ардагері, қоғам қайраткері Бейсенғазы Нүкен бастаған "Желтоқсан Ақиқаты" ұйымы мүшелері мен марафоншылар қатысты. Арасында ардагерлер марафонынан Әлем чемпионы Марат Балтабаев та бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында "Алашқа тағзым" шеруін өткізу үшін елорда әкімдігі рұқсат бермеге болатын. Алайда, "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ата-бабалар рухына тағзым ету үшін әкімнің рұқсаты қажет емес екенін айтқан еді.