Серік Ақсұңқарұлы: Жүрегім "мүшайра классиктерінен" әбден зәрезеп болды
2018 ж. 24 қазан
5521
0
Екінші орын алғаны да, үшінші орын алғаны да, ынталандыру сыйлығын иемденгені де-өкпелі... Бәрінің есіл-дерті - Гран-приде!
Ақынның ақындығын анықтайтын мүшайра емес, Халық пен Уақыт. Бұл "классиктер" ұлттық-әлемдік әдебиеттен хабарсыз екен. Ең құрығанда Мұқағалидың "Күнделігін" оқымай ма? Сонда тұр бәрі...
Сауатсыз "ақын" бола ма?! Пушкинді айтпайық, Есенинді де айтпайықшы, өзіміздің Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбеттер мен Біржан сал, Ақан серілерге дейін, одан кейінгілердің бәрі санасына Тәңірінің сәулесі түскен сұңғылалар емес пе еді?! Таң қалам...
Қазақ не бір классиктерінен жылы сөз естіген, қайран, жүрегім "мүшайра классиктерінен" әбден зәрезеп болып барады...
Серік Ақсұңқарұлы, Фейсбуктегі парақшасынан