АҚЫН АТЫНДА ӘЛІ КӨШЕ ДЕ ЖОҚ
2018 ж. 02 ақпан
8175
2
Темірланда ғұмыр кешкен тегеурінді ақын Дүйсенхан Нахымовтың атына көше берілуін сұраймыз
Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден ерте кеткен талантты ақын Дүйсенхан Нахымов тірі болғанда биыл 73 жасқа толар еді…
1945 жылы дүниеге келіп, 1977 жылы 9-сәуірде, небары 32 жасында дүние салған ақынның артында тек алғашқы жыр жинағы «Тұңғыш кітап» қана қалды. Ордалы Ордабасыда туып, Оңтүстікте өмір сүрген оның мол мұрасының жарыққа шығуға кезегін күтіп жатқанына да талай жылдар өткен еді. Осы шаруаны қолға алған «Тұран» баспасы 2010 жылы Дүйсенхан Нахымовтың «Ақ толқын» атты көлемді жыр кітабын жарыққа шығарды.
Ордабасыда ақынның 65 жылдығына арналған жыр кеші өткен болатын. Қазақтың белгілі ақын-жазушылары қатысқан сол кеште Дүйсенхан Нахымовтың атына өзі ғұмыр кешіп, қызмет еткен Темірлан кентінен мектеп пен көше берілетін болып, оны аудан әкімдігі де қолдаған еді. Кейін ел алдында қабылданып, республикалық баспасөзде жазылған осы бір игі шешім орындалмай, тіпті 2015 жылы ақынның 70 жылдығы да елеусіз қалды. Кейін Ордабасы аудандық Дүйсенхан Нахымов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің мүшелері де ақын атына көше беру туралы ұсыныс жіберді, оған да әлі жауап жоқ.
Өмірді өрнекті өлеңдерімен жырлап өткен нәзік лирик Дүйсенхан ақынның басты тақырыбы – туған жер, өскен өлке, ұлы Қазақ елі болды. Ағынды Арысын арынды шабытымен ақ толқындардай ақтарыла толғап өтті.
Сүйемін құт мекенім – арда жерді,
Ақ Арыс қыз сияқты талма белді.
Аққудай көлді аңсаған, аңсаймын мен,
Әжемнің алақанындай майда желді.
...Сүйемін адамдарын жаны нұрлы,
Соларға еркім менің бағынулы.
Десеңші, қандай арман етемін мен,
Ылғи да аппақ таңнан табылуды, – деп, өмірге деген, өңірге деген ыстық сезімін ынтызар іңкәрлықпен жырлап өткен ақынның атына әлі көше берілмей келеді.
Біз бүгін Өлең деген өлкеде өз отына өртеніп кеткен өр ақын Дүйсенхан Нахымовтың атын мәңгілікке қалдыру шараларын қайта қозғап отырмыз.
Айналып кең өлкемді шыр көбелек,
Өтсем деп ем бәріңді күнге бөлеп.
Шөл далада құлпырған жалғыз гүлдей,
Жалғыз менің бақытым кімге керек? – деп, жырлағандай, бар қазаққа махаббатын арнаған ақын әруағы алдында, қалың елдің қолдауымен көтерілген бастама аяқсыз қалмауын ойлап, қайта қалам алудамыз. Рухани жаңғыру кезеңінде облыстың да, ауданның да руханиятқа қамқор басшыларына құлаққағыс ететініміз, осы бір игі ниетті іске асыра білсек, иманды да, тағылымды шара болар еді. Арманда кеткен ақын әруағы алдындағы да, ел алдындағы да парызымызды орындар едік.
Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Дулат Исабеков, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Нармахан Бегалыұлы, ақын, К. Симонов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты;
Марғабат Байғұт, жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;
Темірхан Медетбек, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Исраил Сапарбай, ақын, Тәуелсіз «Тарлан – Платина» сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы;
Ұлықбек Есдәулет, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы хатшысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Жұлдыз» журналының бас редакторы;
Серік Тұрғынбекұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш «сыйлығының лауреаты;
Ханбибі Есенқарақызы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» «сыйлығының лауреаты;
Бақыт Сарбалаұлы, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағы хатшысы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты;
Көпен Әмірбек, сатирик, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты;
Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты;
Қасымхан Бегманов, ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты;
Қазыбек Иса, ақын, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, «Қазақ үні» газеті президенті;
Темірғали Көпбай, ақын, баспагер, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты;
Иса Омар, журналист-жазушы, «Замана» баспа үйі редакторлар кеңесінің төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы;
Жарылқасын Дәулет, сатирик, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері;
Абай Балажан, ақын, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы;
Қалдыбек Құрманәлі, композитор, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. «Құрмет» ордені иегері;
Бақытжан Алдияр, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан филиалының төрағасы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері;
Әлібек Шегебай, ақын, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты;
Ғалымжан Зиябек, журналист, Ордабасы аудандық «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы;
Әсет Әссанди, журналист, Ордабасы аудандық Дүйсенхан Нахымов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің төрағасы;
Батырхан Сәрсенхан, ақын, Халықаралық Шабыт» фестивалінің Гран При иегері.
qazaquni.kz
- «Тұңғыш кітап»
- Тәуелсіз «Тарлан – Платина» сыйлығының лауреаты
- сатирик
- «Ақ толқын»
- Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы; Ұлықбек Есдәулет
- «Тұран» баспасы
- Қазақстан Жазушылар одағы хатшысы
- Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасы
- Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
- Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Дулат Исабеков
- «Жұлдыз» журналының бас редакторы; Серік Тұрғынбекұлы
- Дүйсенхан Нахымов
- жазушы-драматург
- Халықаралық «Алаш «сыйлығының лауреаты; Ханбибі Есенқарақызы
- Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Нармахан Бегалыұлы
- жазушы
- сыншы
- Халықаралық «Алаш» «сыйлығының лауреаты; Бақыт Сарбалаұлы
- Темірлан
- К. Симонов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты; Марғабат Байғұт
- нұрлан оразалин
- Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлықтың лауреаты
- Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты; Темірхан Медетбек
- Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері
- Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері
- ақын
- Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Исраил Сапарбай
- Көше
- «Қазақ үні» газеті президенті;