Астанада Ислам мәдениетінің оқу залы ашылды
2017 ж. 11 қыркүйек
1760
0
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығының (ИТӨМҒО) жаңа оқу залы ашылды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға ИТӨМҒО-ның бас директоры – Эрен Халит, «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – Дархан Қыдырәлі және т.б. зиялы қауым өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Залда «Әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде ислам мәдениеті мен әлемдік дін туралы» орталықтың басылымдары қойылған. Атап айтар болсақ, Меккенің 110 жыл бұрыңғы панорамасы және екінші бетінде Мединенің панорамасы бейнеленген. Осман империясы мен діні, түрлі құжаттық топтамалары қойылған.
- Бүгінгі залдың ашылуы үлкен қуаныш. Осыдан 1 ай бұрын ғана келіпкаллиграфия көрмесін өткізіп едік, міне бүгін де тарихи оқиға жалғасын табуда. Кітапхана басышысы Ү. Мұңалбаеваға үлкен алғысымды айтамын. Біздің ұйым 1979 жылы негізі қаланған. Қазақстан өз тәуелсіздігін өз тәуелсіздігін алған соң осы ұйымның мүшесіне кірді. Біз Ислам әлемінің орталығы десек, Қазақстанда бір орталық.бүгін Ирсика ұйымы басып шығарған кітаптарды сыйлық ретінде алып келдік. Бұдан былай шыққан кітаптарды да әкеліп отыратын боламыз. Ұйымның өте бай кітапханасы бар әл-Фараби атындағы, бір бөлігін сіздерге береміз. Жалпы 80 000 том және 200 000 цифрланған көшірмелерін электрондық кітапханаға береміз. Бүгінгі бақытты мүмкіндік берген кездесуге құдайға рақметімді айтамын. Біздің ынтымақтастығымыз жалғасады деп ойлаймын! - деді залдың ашылуында сөз алған ИТӨМҒО-ның бас директоры Эрен Халит.
Еске салайық, жаңа оқу залы Ғылым және техника саласындағы ислам ынтымақтастығы ұйымының 1-ші саммиті аясында ашылып отыр.
Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы – мұсылман халықтарының тарихы саласында ғылыми-зерттеу, жариялау және құжаттама мәселелерімен айналысады. Мекеменің алдындағы тапсырмалардың бірі – Ислам Конференциясы Ұйымының әлемдік қоғамдық пікірі бойынша Исламның шынайы бейнесін көрсету үшін ұмтылу болып табылады. Осы мақсатта орталық бүкіл адамзат тарихындағы ғылым, өнер және мәдениет дамыту мақсатында ислам дініне сай халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.