АСТАНАДА ҮКІЛЕНГЕН ҮШ КІТАП
2011 ж. 16 мамыр
2189
1
Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының міндетін атқарушы, жазушы Жәди Шәкенұлының «Оспан» (құрастырған), «Қаралы көш»(2-басылым), «Жалғыздың үні» кітаптарының Астана қаласындағы тұсаукесуіне орай жақында Лев Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында әдеби кеш өтті.
Аталған шарада Рахымжан Отарбай, Тұрсын Жұртбай, Қаржаубай Сартқожа, Зиябек Қабулдинов, Сайлау Батыршаұлы, Бекқожа Жылқыбекұлы секілді қаламгерлер өкілі сөз сөйлеп, жазушы еңбегін жоғары бағалады. Соның ішінде жазушының екінші рет басылып отырған «Қаралы көш» романы жайында толғамды ойлар ортаға салынып, әңгіме еркін сұрау-жауаппен жалғасын тапты. Бауыржан Қарақыз, Ұларбек Нұрғалым секілді бір топ жас ақын өз өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Жазушының үш кітабы Астана кітапханалары мен оқырмандарға сыйға берілді.
Бас қосуға Астана қаласында тұратын белгілі қаламгерлер, БАҚ өкілдері, филология, журналистика факултетінің ұстаздары мен студенттері қатысты.