Ұлттық академиялық кітапханада Пушкин залы ашылды

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында А.С. Пушкин атындағы залдың салтанатты ашылуы болып өтті.

2017 жылы мәдениет саласын дамыту аясындағы Халықаралық мамандандырылыған көрмесінің өткізілуіне орай орыс-қазақ қарым-қатынастарын дамытуды қолдау және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірлескен іс-қимыл Жоспарына сай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұлы орыс классик жазушысы А.С.Пушкиннің атын оқу залдарының біріне беру туралы шешім қабылдады.

Аталмыш залға Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қорынан ұлы ақынның 500-ден астам кітабы ұсынылып отыр. Ақынның латын тіліндегі және қазақ тіліндегі кітаптары (1934, 1954, 1960 жылдары шыққан А.С.Пушкиннің толық шығармалар жинағы, 1885 жылы шыққан еңбектеріндегі суреттері бар кітаптары және т.б., (1937 жылы шыққан А.С.Пушкиннің Тандамалы шығармалары 3 том, 1938 жылдары шыққан өлеңдері, ертегілері, 1939 жылдары шыққан басылымдары және т.б.). Бөлме безендіруге: танымал суретші Орест Кипренскийдің Александр Пушкин портреті, А.Пушкин қолжазбаларының көшірмесі (1830,1833,1834 ж.). Эмоционалдық маңызын арттыру үшін залға кітаптардан жасалған инсталяциялар мен электронды презентациялар көрсетілді.

Пушкин залында ақынның жұмыс үстелінің реконструкциясы қойылып, әрбір келушілер үшін қаламы мен сиясауытына жазба қалдыруларына болады. Ақынның өмірінен және шығармаларынан сыр шертетін Болдиннен әкелінген жолнұсқаушы мен материалдар залды толықтыра түспек. Сонымен қатар, Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана порталында (www.kazneb.kz) әлемнің кез келген жерінде әрбір пайдаланушы Пушкиннің толық мәтіндік коллекциялары мен ақын туралы көптеген материалдармен танысуға мүмкіндік береді.

Бес жылдан бері біздің кітапхана Ресей қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Орыс әлемі» халықаралық жобасына қатысып келеді. Аталмыш қор түрлі елдерде орыс тілін оқу бағдарламаларын , сондай-ақ, орыс тілі мен мәдениетін таныту мақсатында жұмыс жасайды.

qazaquni.kz