Қазіргі ақын-жазушылар неге кедей?

[caption id="attachment_66736" align="aligncenter" width="780"]ҚР Жазушылар одағы ҚР Жазушылар одағы[/caption]

Бүгінгі қолына қалам ұстаған ақын-жазушы біткен кешегі Кеңес заманындағы қаламқыны аңсары анық. Рас, ол кезде ақын да, жазушы да, драматург та халық алдында сыйлы еді.

Олар қай жерге бармасын, құрақ ұшып қарсы алып, сый-сияпат жасап жатар еді. Шығып жатқан кітаптарының тиражы кем дегенде 10 000-100 000 арасында болды. Кезекпен тегін баспана да беріліп жатты. Сол кеңес дәуірінің идеологиясын жүргізіп жатқанда да сол ақын-жазушылар еді ғой. Содан кейін бе, олардың өмірі жаман болған жоқ.

Мысалы, белгілі ақын Төреғали Тәшеннің фейсбуктегі мына жазбасына қарап-ақ, ол замандағы ақындардың жағдайы жақсы болғанына көз жеткізуге болатын сияқты:

«Сағи Жиенбаевтың тек «Жазушы» баспасынан шыққан екі кітабы үшін алған қаламақысы 45 000 сом болса, қалған баспалардан алған ақшасы 46 000 сом көлемінде болды, ал Қайрат Жұмағалиевтің барлық алған ақшасы 79 000 сомға жетті. Екеуінің де «Жазушы» мен «Жалын» баспаларынан шыққан кітаптарындағы өлеңдердің көбі бірін-бірі қайталаса да, олардың атттарын өзгертіп жаңа туынды ретінде кіргізіп, қаламақыны әр жолына 1 сом 75 тиыннан қойып отырған (ең жоғарысы 2 сомнан). Әрбір басылған кітаптарының таралым санын 7 мың данадан арнайы 10 мың данаға жеткізіп, әр жолына 3 сом 50 тиыннан қойып отырған». (1985 жылғы тергеу материалдарынан)».

Бұған не дейсің? Ол кезде 1 доллардың құны бар-жоғы 63 тиын еді. Енді есептей беріңіз. Ол кезде мықты деген жылқы 700-800 сом тұрды. Жигулидің құны 6000-7000 сом болса, сол кездегі көліктің төресі Волганың, бағасы 13 000 сом болған. Сонда Жиенбаев пен Жұмағалиев қанша жылқы, қанша көлік алуға мүмкіндігі болған?

Бұл бер жағы. Ал

бұлардан өткен мықты ақын, ғұлама жазушылардың жазғандары үшін қанша қаламақы алғанын бір Құдай біледі…

Ал қазіргі ақын-жазушылардың шыққан кітаптарының (көбі өз қаражатына шығарады) тиражы мықтағанда 2000-3000 көлемінде. Қаламақындан дәметпеңіз. Әлгі шыққан кітапты көбіне өзің таратуға тура келеді. Не болмаса, қап-қап болып балконда жатады, шаң басып.

Әне қараңыз,

бүгінгі күн мен кешегі кеңес заманындағы ақын-жазушылардың қаламақысы мен тұрмысындағы айырмашылық қандай, ә?

Аян Мырзабек,

Дереккөз: 365info.kz