Астанада сирек кітаптар орталығы ашылмақ
2017 ж. 18 қаңтар
2160
0
[caption id="" align="aligncenter" width="525"] Ү. Мұналбаева - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы[/caption]
Астана, 18 қаң - qazaquni.kz. Ағымдағы жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жанынан «Сирек кітаптар және манускриптер» орталығы ашылмақ. Бұл туралы qazaquni.kz порталының тілшісі хабарлайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көптеген шет мемлекеттердің музейлері мен кітапханаларында сақталулы тұрған тарихи жәдігерлерді елордаға әкеліп, осы орталықтың төрінен орын беру көзделген екен. Мәселен, Британ кітапханасында Бейбарыс сұлтанның Құранын, ағылшын Корольдігі географиялық қоғамында этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың ағылшын тілінде жарық көрген «A Journey to Kashgar in 1858» кітабын, Қазан университетіндегі Жәңгір ханның 4500 кітабын және т.б.
"Осы мәселе бойынша кітапханамызға келген Ермек Аманшаев қолдау білдіретіндігін жеткізді. Көне кітаптар мен ежелгі манускрипттердің, ерте дәуірлердегі әмбебап құжаттар мен қолтаңбалардың, мөрлер көшірмесінің орталықта тұру қажеттігін атап өтті. Одан кейінгі шығыстану иститутымен бірлесе жұмыс жасай отырып, елімізге танымал ғалымдарымызбен кеңесу керектігі айтылды", - деп мәлімдеді кітапхана директоры Ү. Мұналбаева.
«Атап өту керек, сирек кітаптар және манускриптер» орталығы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дейін ашылмақ.