"Жүз жылдық жалғыздықты" қазақшаға аударған көрнекті жазушы Кеңес Юсуп дүниеден өтті
2017 ж. 15 қаңтар
3499
1
76 жасқа қараған шағында белгілі қаламгер, аудармашы Кеңес Юсуп дүниеден өтті. Бұл туралы qazaquni.kz тілшісі хабарлайды.
Кеңес Сіләмханұлы Юсуп 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Баймұра ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеттерінде, "Қазақстан коммунисі" (қазіргі "Ақиқат"), "Жүлдыз" журналдарында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1997 жылдан Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.
"Ақиқат сапары" (1977), "Қарашадағы көктем" (1981), "Охапка полевых цветов" (1983) әңгімелер мен повестер жинақтары," Анықтама сөздігі"(1992), "Екі тілде іс жүргізу"(1994), "Желқайық" кітабы (2000), "Құжат тілі"(2001) кітаптары жарық көрген. Айдарма саласында да жемісті еңбек етіп, Габриель Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" (1983) романын, жас болгар жазушыларының "Гүлжазира" (1987) әңгімелер мен повестер жинағын қазақ тіліне аударған.
"Қазақ Үні" порталы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.