Қазақ жұрты өзінің мақтан етер, тұлға тұтар тағы бір танымал ұлынан айырылды. Қазақ әдебиетінің ірі өкілінің бірі - Әзілхан Нұршайықов 89 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Алланың жазуына, табиғаттың заңдылығына баласақ та, Әз ағамыздың оралмас сапарға аттанып кеткендігіне сенгіміз келмейді. Өйткені, ол кісінің еліне келіп, жерлестерін Азиада спорт ойындары алдында жеңіске жігерлендіріп, марқайтып кеткені кеше ғана болатын.
- Мен эстафета кезінде Республика алаңындағы тайқазанға алаудың отын жақтым. Мен сол сәтте бүкіл шығысқазақстандық жастардың жүрегіне от жақтым, қарттардың жүрегіне жылу бердім деп ойладым. Мінеки, сол алаудың менің жерлестерімді жеңістерге жетелей беруіне шын жүректен тілектеспін, - деп игі ниет, ақжарма ақ тілегін білдірген еді. Абыз ағамыздың ол тілегін спортшы жерлестері, жалпы ел абыройымен орындап, Азиада ойындарының ең биік тұғырына көтерілді.
Жалпы, Әзілхан аға туған жерімен, туған елімен қарым-қатынасын ешқашан үзген емес. Жиі-жиі келіп, Шығыста жүзеге асырылып жатқан игі істерді қуана қолдап, ақыл-кеңестерін айтып отыратын. Әз ағаның қазасы орны толмастай өкініш болып, қабырғамызды қайыстырып отыр. Ұлы Отан соғысы кезінде майдандық газеттерден бастау алған Әз ағаның шығармашылық жолы өмірінің соңғы сәтіне дейін үзілген жоқ. 1956 жылы «Алыстағы ауданда» деген атпен шыққан алғашқы очерк, әңгімелер жинағынан бері жиырмадан аса кітабы жарық көрді. Жазушыны махаббат падишасы атандырған «Махаббат жыры», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» роман-повестері жастардың жастанып оқитын кітаптарына айналса, «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы бірқатар шетел тілдеріне аударылып басылып, Абай аттындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы, Семей қаласының «Құрметті азаматы», бүкіл қазақ елінің, жұртының қадір тұтқан азаматы, көркем сөздің һас шебері Әзілхан Нұршайықовтың балаларына, ұрпағына, туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Әз ағаның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Бақұл болыңыз, қадірлі аға, жаныңыз жәннатта болсын!
Бердібек САПАРБАЕВ
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Дорогие друзья, коллеги!
Выражаем глубокое соболезнование в связи с нашей общей тяжелой утратой – кончиной народного писателя Казахстана, Лауреата Государственной премии им. Абая, международной литературной премии им. А.Фадеева, ветерана-фронтовика – Азильхана НУРШАИХОВА. В широких кругах читателей он был хорошо известен как выдающийся прозаик. Его популярные книги «Годы радости и любви», «Истина и легенда», «Халима» и многие другие - воистинну стали самыми любимыми произведениями читателей. Он внес огромный вклад в литературу Казахстана. Его светлый образ останется в нашей памяти навсегда.
Искренне выражаем глубокие соболезнования и чувства скорби родным, близким и друзьям ушедшего от нас Азильхана Нуршаихова.
С уважением,
Писатели общественности стран СНГ:
Егор Исаев, Валентин Распутин, Феликс Кузнецов,
Мумин Каноат, Евгений Евтушенко, Олжас Сулейменов,
Юрий Поляков, Чингиз Абдуллаев, Александр Эбоноидзе,
Людмила Щипахина, Валентин Сорокин, Татьяна Кузовлева, Маквала Гонашвили, Константин Мунтяну, Анатолий Парпара,
Андрей Воронцов, Тимур Зульфикаров, Глан Онанян