АДАСҚАН БАУЫРҒА

дін адасу Сен адастың! Есіңді жи, бауырым! Арқаладың күнәнің ең ауырын. Адамзаттың бәрін сүйген Абай да, Адам бәрі – мұсылманың, кәуірің!
Сен алжастың бейнамазды кәпір деп, Саған салса ит кісінеп, ат үрмек. Қай шариғат үкім берді Пендені Жайнамазға қару кезеп шақыр деп?! Жалған жихад жасап өтті жас күнің, Жан-бауырым, көкірегімді басты мұң. Жыланның да басын кеспей, ақ құйған Жақсы еді ғой атамұра дәстүрің! Дана бабаң жүрген дәстүр-жарғымен, Дәстүр кетсе, арқа сүйер қалды нең?! Дәстүріңнен жаңылмашы, жалынам, "Адасқанның арты соқпақ, алды жөн"! Саған сенді қарындасың қылықты, Сан соқтырдың нар тұлғалы жігітті. Сен алдадың, Ел алданды, Ал содан, Бұл қазақта кім жарыды, кім ұтты?! Сен адастың! Кері қайтшы! Жөнге кел! Тегің сатып термей-ақ қой теңге мол. «Адастым!» деп, басыңды иші Алашқа, Адаспасын артыңдағы ерген Ел!.. Серік СЕЙІТМАН 19.07.2016. qazaquni.kz