ДҮКЕНБАЙ ДОСЖАНҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ ОҚУЛАР БАЙҚАУЫ
2016 ж. 05 шілде
2658
0
Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық Мәдениет үйінде көрнекті жазушы, көркемсөз шебері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, М.Әуезов атындағы Ұлттық әдеби сыйлықтың лауреаты, ҚР «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Жаңақорған, Сырдария, Отырар, Созақ аудандарының және Түркістан қаласының құрметті азаматы Дүкенбай Досжанның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғұмыр-дария» атты облыстық әдеби оқулар байқауы болып өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дүкенбай Досжанның қазақ прозасында уыз тілді, көркемдік көкжиегі кең, дүниені суретпен көретін, өзіндік орны бар қаламгердің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін, өмірі мен шығармашылығын жас буын арасына кеңірек насихаттау, үлгі етіп жыр жолдары арқылы өрнектеу.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға қала мен аудандардан жалпы 16 өнерпаз қатысты.
Облыстық әдеби оқулар байқауын аудан әкімі Руслан Рүстемұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасы құрамында «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Қ.Әбдуов, ақын, білім саласының ардагері Р.Наурызбаева және ақын, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы Қ.Есімсейітова болды.
Байқау қорытындысы бойынша жаңақорғандық 17 жасар Ыдырыс Дәулетхан бас жүлдеге ие болды.
qazaquni.kz