НАҒЫЗ ҚАЗАҚЫ «БОЛМЫС»
2016 ж. 04 мамыр
3837
0
«Бармасаң келмесең жат боласың»- демекші, барған келгеннің, қарым-қатынастың пайдасы осы: Ұларбек Нұрғалым бауырыма кездескенімнің нәтижесі ұсынған кітабы «болмыс» қолымда! Толығымен оқып шығып қабат-қабат қалың ойдың астында қалған жайым бар!.. Ұларбек інім жазушы Әкім Таразидың болмысын ашса, Әкім аға қазақтың байырғы нағыз және құбылған замандағы құрдымға кеткен болмысын ашқанекен. Ал, мен оған қоса Ұларбектің болмысын көрдім! Күні кеше Алматыда көз алдымызда студенттік өмірін өткізген ақын Ұларбек, драматург Ұларбек, өнерлі Ұларбек... енді міне Сыншы Ұларбек болып кемелденгеніне толық көзім жетті. Көзге көрінетін тұсы жеміс салып жапырағын жая түссе, көрінбейтін тұсы тамырын тереңге жіберіп он баль боранғада былқ етпейтіндей мығымдана түскен екен! Жазушы Әкім Таразидың «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз» сынды екі романын және бес әңгімесін талдаған еңбегінің атын «БОЛМЫС» деп атапты. Дағдылы сыншылардай ізге түсіп формулаға бағыну жоқ, теорияға салып шеңберге тықпалауда жоқ. Соншалықты салмақтылық, еркіндік, ойлылық өн бойынан менмұндалап тұр. Имани руханият пен ұлттық мінез арқылы толғайды. Отыз жылдың алдындағы әралуан пікірге қайнар болған романға оралған сыншы өзгеше жаңалығымен, жан тебірентерлік сезім бояуымен тәнті етті. Осылайша Әкім ағаны бір таң қалдырса, бізді екі таң қалдырды. Кітаптың алғы сөзінде Ә.Тарази. «Мен әдебиетке келгеннен бастап мақтауды да, даттауды да біраз естіген адаммын. ... Менің бұл жұмысқа риза болатыным, басқалар оқымаса да мақтай беретін, басқалар оқымаса да даттай беретін менің тағдырымда деп айтайын, бірінші рет шығармамды нақты талдап, талдағанда да ғылми тұрғыдан талқылап пікір жазған осы жігіт. Орыс тілінде пікір айтқан бір-екі адам бар,ал қазақтан Ұларбекті айтар едім». Деген сөзін бізде құптадық. Онан ары: «Шынымды айтайын, мен Ұларбекке: «Сен Әкім Әшімов деген кісіге Әкім Тарази деген жазушыны шыт жаңа таныстырдың, ризамын» дедім. Бұл ризашылық менің шығармаларымды талдағаны үшін ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіне қазақ әдебиеті сынына өзгеше стиль, өзгеше форма,өзгеше жазу тәсіліндегі және барынша қазақы түйсіктегі қарымды сыншының келгеніне білдірген ризашылығым»- деген екен. Бұл сөздің шын екеніне 171 бет «болмысты» оқып шыққанда көзім толығымен жетті! Әкімтанудың тың бастамасы деген осы. Бүгінгі күрделі әлемде мынандай кітапты оқу ұлттық санамызға қанат бітіреді. Дақпырттанкөрі даналыққа жетелейді.
qazaquni.kz