КҮНБАСТЫ, САЛТАТТЫ, АЛТЫНСАДАҚТЫ БАБАЛАР
2015 ж. 29 қыркүйек
2329
1
Атамзаманғы дана ата-бабаларымыз ойлап тапқан "КІРЕС" ("КРЕС+т") атты Кірестің аңқымалық көне атаулары өте көп. Мысалы, олар "ЖАР", "ЖАУ ӨС" (бүлінгі үлгілері: "Виджра", "Свастика"; бұларды талдап жатпаймыз) түрінде басталып береді. Солардың дені - Күн Құдайының (және Күннің) атаулары. Ол да - заңдылық. Өйткені, "Қош Біт+кәдімгі Күн" біртұтастығы да - өзінше бір ЕС - КІРІС ("Иисус Христос") Ғаламаты. Символы - Кірес. Әрине, Кірес мәнісі - бір ғажап философия. Сол жұпар философияның бір-ақ мысалынан қысқа да нұсқа бір-екі сөз. Кірестің көне атауларының бірі - бұрынғы жазбамызда айтылған "АЙЫҚҚЫШ-ҰЙЫҚҚЫШ" ("айқыш-ұйқыш"). "Айыққышы" - Кірестің Адамды бейнелейтін вертикаль бөлігі, "Ұйыққышы" - Хайуанды бейнелейтін горизонталь бөлігі. Егер, көпмағыналы "Жаратушы" терминінің басты екі мағынасының "Құдай" және "хайуандарды кемелдендіре бабына келтіруші" екендігін ескерсек, онда "жаратылушы" сөзінің де "Құдайдың жаратқаны" һәм "кемелдене бабына келуші хайуан" болатындығы өзінен-өзі түсінікті. Қазақта "жаратылушы" деп бабына келмек жылқыны да айтады. Демек, "Жаратушы" ретіндегі Күн Құдайының ("тікелей Жаратушымыздың Қош Біт басқарымындағы кәдімгі Күн" екендігі бұрынғы жазбаларымызда айтылды) сансыз сипаттары бірінің "Атбегі" екендігі де аян болмақ. Бір мысал: жылқы Пірінің атауы ретіндегі бүлінгі "Қамбар" атауының аңқымалық әуелгі таза нұсқасы - "ҚАМ ЫРА" (Қамқор Күн-Құдай.,). Жә. Жарық Дүние "ЖАЛҒАН" деп те аталады. Ықшамдалған ол сөздің түп нұсқасы - "ЖА(йы)ЛҒАН". Мәнісі: "өріске тарала оттаған хайуан". Яғни, Күн Құдайы ретіндегі Қош Біт - "Жаратушы", Күн астындағы Жалған ("жайылған") Дүние - "жаратылушы хайуан" яки "Жылқы". Сонда былай: Қош Біт - "Атбегі". Күн - "алтын ер". Жалған Дүние - "Жылқы". Егер, Күн мен Күн Құдайының сансыз атауларының бірі - басты мәндері "қолдап-қорғаушы" һәм "садақ" дегенді білдіретін көпмағыналы "ЖАҚ" (мұның "жұмақтық жұпар май" деген мәнісі жөнінде "Шекенің жұпар майға шылқуы" атты жазбамызда айтқанбыз) сөзі екендігін ескерсек, онда Күн дегеніңіздің "Күн Құдайының алтын садағы" екендігі де белгілі болады: Күн - "алтын садақ", Күн нұры - күміс жебе". Аңқымада солай. Ал, "алтын Жақ"-Күннің аңқымалық атаулары да өте көп. Енді, жоғарыда айтылғандарды "Айыққыш-Ұйыққыш" аталмыш Кірес тұрғысынан қарастырайық. Біріншіден, Кірестің "айыққыш"-вертикаль бөлігі - "Атбегі"-Құдай, "ұйыққыш"-горизонталь бөлігі - "Хайуан"-Бұ Дүние. Екіншіден, Кірестің "айыққыш"-вертикаль бөлігі - "алтын Садақ"-Күн, "ұйыққыш"-горизонталь бөлігі - "күміс Жебе"-Күн нұры. Жылқы (хайуан) баласына әлемде бірінші болып бас білдірген біздің кішікүнбасты, салтатты, алтын садақты арғы-арғы бабаларымыздың құдайтекті-күнтекті болмысының да, олардың атамзаманғы Кірес белгісінің де аңқымалық ежелгі бір сыры, міне, осылайша аяндалады.
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы,
Фейсбуктегі жеке парақшасынан