Сұраған Рахметұлы: Шалағай шешім абырой әпермейді.
2024 ж. 17 қараша
85
0
Бұл не сөз деген кеп мазалады кешке!? Түсінбедім!? Жұмыс жасап жүрген іскер де алғыр азаматты кетірмекші дейді!? Бұндай сайтан түрткен райдан қайтуы тура осы біздің жаңа ғана жаңарған Одақтың басшылығы. Астанадағы жазарман қауыммен де ашық сөйлесілуі керек. Жең ішінен жұдырық шығарудың керегі не!?
Менің білуімше Дәулеткерей ҚЖО-на да зайырлы қоғамға да аса қажет қайраткер, қарымы күшті тұлға. Керексіз, кепсіз, сауатсыз, ынысапсыз біреу емес: керек десеңіз – біртуар. Бүтін қарау керек жан-жаққа! Жариялылықпен! Теңдікпен, дәлдікпен! Жарты да шалағай шешімнің басы да аяғы да абырой әпермейді.
Егер, ҚЖО-ға қарымды, қарақты, харизмалы қаламгерлер қажет болса, осы Бас қаладағы орынды қайта көтеру керек!
Орыны ғана бар орданы оңалтуға күні-түні осы ошақтың отымен кіріп, суымен шығып жүрген азаматты түртпектеуден өзге ештеңе қалмады ма!?
Одақтың алшысы оңынан түсіп, барлық жағдайлар жасалып біткен болса айтарымыз болмас та еді!? Доғару керек мұндай оқыс, оспадар әрекетті!?
Сұраған Рахметұлы,
Қазақ үні