"АЗАТТЫҚ ОРДАСЫ – АЛМАТЫ" халықаралық мүшәйрасы
2022 ж. 25 ақпан
4257
2
«Қазақ үні» газеті мен ұлттық порталы, «Ai production» ЖШС және «Ақ жол» партиясы Тәуелсіздігімізге арнап, Алаштың рухани көсемі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы және Қаңтар қасіретінен зардап шеккен Бостандық бесігі - әдеби-мәдени ордамыз Алматы қаласының рухын асқақтатып, тарихи рөлін ұлықтау, әсем сәулетін жырлау мақсатында «АЗАТТЫҚ ОРДАСЫ - АЛМАТЫ" атты халықаралық мүшәйра жариялайды.
Мүшәйраның мақсаты
Қазақ тарихындағы тәу етер Тәуелсіздіктің баға жетпес маңызы мен Алаштың рухани көсемі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап және Азаттық ордасы - Алматы қаласының тарихи рөлін, сәулеті мен көрік-келбетін, әлеуметтік маңызын, мәдени құндылығын, экономикалық дамуын, қала тұрғындарының парасаттылығын оқырман қауымға поэзия тілімен жеткізу.
Мүшәйраға кемінде 3 өлең қабылданады.
Оның біріншісі – тұғырлы Тәуелсіздік туралы;
Екіншісі - Алаштың рухани көсемі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы.
Үшіншісі - Азаттық ордасы - Алматы қаласына арналады.
Бас жүлде біреу –1 500 000 теңге.
Бірінші орын – 1 000 000 теңге.
Екінші орын екеу - 700 мыңнан.
Үшінші орын үшеу - 500 мыңнан.
Арнаулы сыйлықтар бесеу - 200 мыңнан.
(Жүлде саны көбеюіне байланысты жүлде мөлшері өзгеруі мүмкін)
Шығармаларды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 1 наурызынан – 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Байқаудың қорытынды кезеңі мамырдың 20-сы күні Алматы қаласында өтеді.
Өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.
Авторлардың өлеңдері электронды нұсқада қабылданады. Шығармалар TimsNewRoman қарпі 14-кегельмен басылу керек. Бөлек бетте автордың өмірбаяны, байланыс ақпараттары (телефон, эл.пошта, мекен-жайы) көрсетілуі шарт. Сонымен қатар, үміткердің 6х9 фотосуреті қоса жіберілуі қажет.
Мүшәйраға қатысушылардың жас мөлшері шектелмейді.
Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы-3, К.Сейітов к-сі 11, «Қазақ үні» газеті редакциясы, тел 8-702-931-89-86, qazaquni@mail.ru.
Мүшәйра жүлдегерлері мен іріктелген жырлар «ТҰРАН» баспасынан жеке кітап болып шығады.
Ескерту: Жүлдегерлер Астана немесе Алматы қаласына келіп-кету жол қаржысы мен жатар орны шығынын өздері көтереді. Коронавирус қаупіне байланысты, карантин жарияланған жағдайда, марапаттау рәсімінің уақыты мен өткізілуі онлайн форматына өзгеруі мүмкін.
Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
Ұйымдастыру алқасы