Әлем бойынша исламның атын жамылғандар көп - Ерлан Ыдырысов
2016 ж. 20 маусым
2340
2
Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысовтың пiкiрiнше, Ақтөбедегі трагедия қауіпсіздік мәселесiн қайта көтерді. Журналистерге берген сұхбатында министр осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бұл мәселе мемлекет басшысының төрағалығымен өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында да қаралды. Құқық қорғау және өзге де органдардың жұмыс отырыстарында көтерілді. Бұл жерде теориялық діни ағым мен практикалық діни ағымның аражігін ажыратып алу керек. Біздің елімізде дінге қыспақ жоқ, бір дінді кемсіту жоқ. Бірақ, мемлекетіміздің тағы бір қағидасы – қоғамдық келісімді сақтау», - дейдi Ыдырысов.
Министрдiң айтуынша, Ақтөбедегі трагедия осы қауіпсіздік мәселесiн қайта көтерді.
«Әрине, біраз мемлекеттер салафизм ағынында өздерінің теориялық діни көзқарастарын сақтап келеді. Біз оған түсіністікпен қараймыз. Бірақ, біз өз елімізде өзіміздің ұстанған саясаттың жолымен жүруіміз керек. Егер де діннің атын жамылып немесе діндегі ағымдардың атын жамылған болып, Ақтөбедегі сияқты ойына келгенін істесе, мемлекет тиісті шараны қолға алады. Әлем бойынша исламның атын жамылғандар көп. Бірақ, олардың істегені мен айтқаны исламға жат дүниелер», - деген пiкiр бiлдiрдi министр.
Айта кетейiк, Ерлан Ыдырысов қазiр халық алдында есеп берiп жатыр. Биылдан бастап министрлер мен ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының осындай есебi енгiзiлген болатын. Бүгiнге дейiн Бiлiм және ғылым, Әдiлет, Iшкi iстер, Мемлекеттiк қызмет iстерi, Энергетика министрлерi атқарылған жұмыс пен алдағы күннiң жоспарымен бөлiстi.
Дерек көзі: BNews.kz