ТҮЙЕҚҰС ТҮРКІСТАНҒА БАУЫР БАСТЫ
2017 ж. 05 шілде
5134
1
2017 жылы 31 қаңтарда жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының жолдауына сәйкес, ҚР Инвестиция және даму министрлігі инвестициялық қызметті көтеруге тиіс алғашқы бағыттарды белгіледі. «ҚР АЭА-на инвестиция тарту жұмыстарын күшейту» - осы алғашқы бағыттардың бірі болып табылады.
Түркістанда түйеқұс өсіру табысты кәсіпке айналып отыр. Жергілікті тұрғын Нәліпан Мырзақұлов өз ауласында Қазақстанда сирек кездесетін құстың осы түрін өсіре бастады.
Әзірге балапан кезінен бағып-қаққан 17 бас құсы бар. Шаруаның сөзінше шөлді жерлерге де төзімді бұл ерекше құс жабайы болғанымен, Түркістанға бауыр басып, тез жерсінген. Жем-шөбін уақытылы берсе, пайдасы да көл-көсір. Жұмыртқасының бір данасы 5 мың мен 10 мың теңге шамасында саудаланады. Мамандардың сөзінше, бір жұмыртқамен 20 адамды тойдыруға болады. Холестеринсіз еті жүрек ауруына да пайдалы екен. Бұл құстар шамамен 40-50 жылдан астам өмір сүретіндіктен тұрақты кәсіпке арқау. Сондықтан, шағын бизнеске тек Мырзақұловтар отбасы ғана емес, Түркістан жұрты қызығушылық білдірген. Қазір жақсы істі көруге, оны бағып-қағудың қыр-сырын үренем деушілер көбейген. Нәліпан Мырзақұловқа шаруасын дөңгелету үшін Түркістаннан Отырарға барар жол бойынан 10 жүздік жер телімі мемлекет тарапынан берілген. Мұнда түйеқұстардан бөлек, 10 тауыс өсіріледі. Жоспары айқын кәсіпкер күре жол бойынан арнайы зообақ ашып, қазақ баласына таңсық кәсіпті одан әрі дамытқысы келеді. Ерекше тіршілік иесінің тұқымын көбейтіп, оны тұрақты кәсіп көзіне айналдырғысы бар. Алайда, бұл шаруашылыққа мемлекеттен қолдаудың болмауы қолбайлау екен. «Мемлекеттен тауыққа, үндікке және жұмыртқаға субсидия беріледі екен. Ал осы түйеқұсқа келген кезде субсидия жоқ. Біз бұл шаруашылықты дамытқымыз-ақ келеді. Бірақ оған мемлекеттен көмек болса дейміз», – дейді Нәліпан Мырзақұлов.
qazaquni.kz