СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ САНЫ АРТТЫ
2017 ж. 18 маусым
1924
0
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Төле би ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті. Төлебиде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларына тоқталған аудан басшысы алдағы уақытта баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауданда 20 МВт электр энергиясын өндіретін ірілі-ұсақты 10 су электр станциясы салынатынын айтты.
Ал биылғы жылы жоғарғы Ақсу мен Сайрам өзендері бойынан инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңге болатын 5 МВт электр қуатын өндіретін ГЭС пайдалануға берілетін болады. Аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалардың ауданда табысты жүзеге асырылуының нәтижесінде аудан экономикасы едәуір артып, халықтың тұрмыс-тіршілігі айтарлықтай жақсара түскенін айтты.
«Биыл аудан бюджетінің көлемі 17 млрд. теңгені құрады. Ал Жалпы өңірлік өнім осы жылдың төрт айында 20 млрд. теңгеге жетті. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1808,9 млн. теңге болып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен саластырғанда 104,3 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласында осы жылдың 4 айында 7 млн. 456 мың теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде қайта өңдеу саласында 6 млрд. теңгеден астам өнім өндірілсе, оның өнеркәсіптегі үлесі 87,9 пайызды құрайды», – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, брифинг барысында аудан әкімі Б.Парманов индустрялды аймақта 40 гектар жерге «Нұрлы шапағат» ЖШС-гі құрылыс материалдын шығаратын 6 зауыттың құрылысын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
qazaquni.kz