Маңғыстаулық құтарушыларға жаңа арнайы техникалар тапсырылды
2015 ж. 21 қазан
1837
0
Ақтау қаласының “Астана” алаңында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілеріне 18 автокөлік құралының кілтін табыстады. “Нивай маркалы жаңа автокөліктер мен өртке қарсы техника облыстық бюджеттің есебінен сатылып алынды.
- Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға биылғы жылы бюджеттен 345 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғастырылатын болады. Бұл адамдардың өмірін сақтау, әлеуметтік және өндірістік нысандар қызметінің қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша басқарманың апаттан құтқыру бөлімшелерінің жұмысына өз үлесін қосады деп сенемін, - деп атап көрсетті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі