Алик Айдарбаев Маңғыстау ауданында бірқатар әлеуметтік нысандарды ашты
2015 ж. 09 қазан
2644
0
2 қазан Түпқарағай ауданындағы Сайын Шапағатов ауылында ұзындығы 19 702 метр Аұтау-Ақшұқыр-Сайын магистральді су құбыры пайдалануға берілді. Құны 761 млн. теңге болатын магистраль жобасының құрылысы 2014 жылдың маусым айында басталған болатын. Елді мекенде “Ақ бұлақ” мемлекеттік бағдарламасының аясында су құбырынан басқа ауыз суға арналған резервуар салынды және ауыл ішінде су құбыры тартылды. Бұл мақсаттарға 1 млрд. 451 млн. теңге қаражат жұмсалды.
- Бүгін біз Сайын Шапағатов ауылының барлық тұрғындары үшін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Магистральді су құбыры мен ауыз суды сақтауға арналған резервуар пайдалануға беріліп отыр. Ұзындығы 74 296 метр болатын ауыл ішілік су құбыры салынды. Магистральді су құбыры Сайын Шапағатов ауылы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ете отырып, өмір сүруді қамтитын инфрақұлылыммен де жалғастырды, - деп атап көрсетті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.Дәл осы күні Қызылөзен ауылы мен Форт-Шевченко қаласында 50 және 140 орындық балабақшалар балдырғандарға өз есігін ашты.
Қызылөзен ауылындағы “Толағай” мектепке дейінгі мекемесінің құрылысына жергілікті бюджеттен 137 млн. 769 мың теңге бағытталды. Оның құрылысы 2014 жылдың тамыз айында басталған болатын. Салтанатты лентаны ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Нұрлыбай Төлемағамбетов пен Маңғыстау облысыныі әкімі Алик Айдарбаев кесті.
Форт-Шевченко қаласында пайдалануға берілген 140 орындық “Алпамыс” балабақшасы да “Балапан” мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 259 млн. 553 мың теңге қаражат бөлінді.
Түпқарағай ауданындағы мектеп жасына дейінгі 1452 балаға білім беру және олардың тәрбиесімен 13 балабақша айналысады. Олардың ішінде 10-ы мемлекеттік, ал 3-і жеке меншік балабақшалар. Бүгінгі таңда аудандағы 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 86,19% құрайды.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Баутино ауылында «Каспиан Оффшор Констракшн» компаниясының (“СОС”) кеңсе ғимаратын ашу салтанатына қатысты. Компанияның жаңа ғимаратында әкімшілік кеңсе, 32 адамдық жатақхана, асхана, шағын спорт залы орналастырылған.
Анықтама үшін: Компания 10 жылдан астам уақыт Каспий теңізіндегі теңіз кемелерін басқару, пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Қазіргі таңда СОС-тың басқаруындағы флоттың жалпы саны 41 кемені құрайды, оның 21 кемесі Қазақстан Республикасындағы Қашаған кен орнының ағымдағы операторы NCOC N.V. компаниясына тиесілі. Компанияға тиесілі флот 18 кемені құрайды, оған қоса суға шөгу мүмкіндігі өте төмен арнайы жасалған 5 ЛАРН катері бар. СОС флотына ICE 3 мұзды санаттағы бес кемесі, 1А SUPER мұзды санаттағы саяз жерлерде жүзе алатын бес кеме, екі ғылыми-зерттеу кемесі,үш тез жүретін жолаушылар кемесі, екі жүзіп жүретін қонақүй, зәкірлерді бұрау бойынша көп мақсатты буксир кіреді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хабаршысы