Jusan Bank АТФБанкті қосып алуды аяқтады
2021 ж. 06 қыркүйек
3602
0
Jusan Bank және АТФБанк табыстау актісіне қол қойды. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы түрінде АТФБанкті қайта ұйымдастыру шеңберінде тараптар қол қойған табыстау актісі АТФБанктің Jusan Bank-ке бүкіл мүлікті, сондай-ақ құқықтары мен міндеттемелерін табыстауының заңды түрде ресімделуі болды, деп хабарлайды Jusan Bank баспасөз қызметі.
Табыстау актісін бекіту туралы шешім 2021 жылғы 3 қыркүйекте Jusan Bank және АТФБанк акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданды.
Табыстау актісіне қол қою АТФБанк-тің Jusan Bank-ке қосылуы жолымен оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру процессін аяқтайды. Қайта ұйымдастыру шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қысқа мерзім ішінде тиімді түрде жүзеге асырылды. Екі банктің командалары АТФБанк клиенттерінің Jusan Bank-тің қызмет көрсетуіне ауысуы барынша жайлы болу үшін бар күшін салды, - дейді Jusan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.
Осылайша, Jusan Bank АТФБанктің серіктестер және клиенттер алдындағы барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мирасқоры болды.
АТФБанк қызметін тоқтатудың келесі қадамы – банк лицензиясын тапсыру бойынша заң процедурасы.
Jusan Bank-пен бірігу нәтижесінде АТФБанк активтер және капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді, ал оның активтерінің шоғырландырылған көлемі 3 трлн.теңге көрсеткішке жетеді, бұл Қазақстанның банктік секторындағы нарықтық үлестің шамамен 10%-ын құрайтын болады.