«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды
2021 ж. 01 наурыз
17017
1
«Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерінің басшылары Айдар Әріпханов пен Ербол Қарашөкеев тапсыру актісіне және қосылу туралы шартқа қол қойды.
Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ресми хабарлады.
Тапсыру актісі биыл 15 наурызда бекітіледі.
Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 52-тармағын орындау үшін «Бәйтерек» холдингі «ҚазАгро» холдингін қосу жолымен бірыңғай даму институтын құрады.
Компания жұмысын оңтайландыру үшін барлық қажетті корпоративтік шешімдер қабылданды, «ҚазАгро» холдингінің активтерін түгендеу жұмысы аяқталды.